Page 13 - 7.9.3
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы
           да ондай сұраққа өз ойы мен пікірін білдіре жауап беруге
           дағдыланады. Жауаптардың бірнеше нұсқада болуы мүмкін
           екендігі  қарастырылады.  Мысалы:  «Әңгіменің  кейіпкері
           жайлы не айта аласың?» немесе «Берілген сөзден тағы
           қандай сөздер ойлап табуға болады?» Көрнекілік әдістер
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрде-
           лендіре пайдаланылады. Түзете-дамыта оқыту сабақтарында
           жаңа  материалды  талдауға  зор  көңіл  бөлінеді.  Өйткені,
           талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есепте-
           лінеді. Талдау – бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұға-
           лім әр баланың көңіл күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға
           мүмкіндік алады.
             Қазақ тілін меңгертуде оқушылардың әрбір сөздің мағы-
           насына мән беруіне ерекше көңіл бөлінгені дұрыс. Өйткені
           сөз – тілдік қатынастың ең маңызды құралы.
             Лексиканы оқыту мәселесіне қатысы бар барлық авторлар
           лексикалық материалдың өзіндік қиындықтарын айтады.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           Жоғарыда айтылғандай, лингвистикада грамматика және фо-
           нетикамен салыстырғанда, лексика жүйесі жеткілікті ашыл-
           маған. Осыған байланысты лексика саласындағы материал-
           дарды оқыту кезінде үлкен қиындықтар туындайды. Одан
           басқа, сөз – өте күрделі және көп түрлі құбылыс. Әр сөздің
           белгілі нақты көлемде мағынасы, формасы және қолданы-
           лысы бар. Сөздің формасы деп сөздің, фонетикалық және
           орфографикалық жағы, оның құрылымы және граммати-
           калық формасы түсіндіріледі. Оқушыларға екінші тілді дыбыс-
           тау және жазу жаңа әрекет болып табылады, сондықтан әжеп-
           тәуір қиындықтар туындайды. Қиындықтар сөздің мағыналық
           көлемдерін, көпмағыналылығын, бір сөздің екінші сөзбен
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           үйлесушілігін, сөздерді қолдануда, мағыналық көлемінде
           және нақты жағдаяттарға байланысты пікір айтуда туындайды.
             Жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушы  көбінесе  сөйлемді
           нақты, айшықты және бейнелі түрде құруға қиналады. Бұл


                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18