Page 14 - 7.9.3
P. 14
special-edu.kz.
special-edu.kz.
қиындықтар белгілі бір нысанды сипаттап салыстырғанда
да, жазбаша тапсырманы орындағанда да кездеседі.
Баланың сөздік қорының кедейлігі белгілі бір қиындық-
тарды тудырады. Баламен жұмыс істейтін маманның
міндеттерінің бірі – ол баланың сөздік қорын байыту. Сино-
ним және антоним сөздермен таныстыруды жалғастыру осы
special-edu.kz. special-edu.kz.
қызметтің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Айтып отырған немесе жазып отырған бала өзінің ойын
немесе сезімін нақты және ашық білдіруге мүмкіндік бере-
тін сөздерді саналы түрде таңдау үшін синоним сөздерді
жақсы білуге тиісті. Синоним сөздерді тиімді пайдалану
сөйлеу тілінде қандай да бір сөзді қайта-қайта қолданудан,
өзінің сөзін түрлендіруге, нақты, айшықты бере білуге
көмектеседі. Антонимдер – тілдің өте күшті стилистикалық
құралы. Антонимдерге берілген жаттығуларды орындау
үшін балалардан салыстыру, анықтау, таңдау икемділіктерін
талап етеді, ал бұл балалардың ойлау қабілетін дамытуға
көмектеседі.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Түзете-дамыта оқыту жүйесiнде қойылатын сұрақтар
жоғарыда айтылғандай мәселелерді, ойлау мен пайым-
дауды қажет ететiндей етiп берiледi. Оқушы да он-
дай сұраққа өз ойы мен өз пiкiрiн бiлдiре жауап беруге
дағдыланады. Жауаптардың бiрнеше нұсқада болу мүмкiндігі
қарастырылады. Заттарды салыстыра отырып түсiну – тек
адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсiлдерiмен мектепке
келгенге дейiн де бiршама таныс болады. Ал мектепке келген
соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсiлді пайдалана
бастайды. Мұғалiм салыстыру әдiсiмен сабақ жүргiзе оты-
рып, оқу материалын оңай, көрнекi етiп меңгертуге мүмкiндiк
алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгiлi мен
special-edu.kz. special-edu.kz.
белгiсiз арасындағы көпiр сияқты оқушыларға оның өмiрiнен
тысқары бiлiмдi меңгеруге көмектеседi. Салыстыра отырып,
оқушы заттар мен нысандардың байқамай, көрiнбей қалатын
белгiлерiн анықтауға үйретедi. Баланың байқампаздығы ар-
12