Page 7 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 7

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.


                     Зерде бұзылыстары бар оқушыларда
                оқу дағдыларын қалыптастыру ерекшеліктері

             Зерде бұзылыстары бар оқушыларда оқу дағдыларын
           толық қалыптастыру үшін мынандай оқу түрлері көрсетіледі:
             1. Дауыстап оқу
             2. Іштей оқу
             3. Жүгіртіп оқу
             4. Дұрыс оқу
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             5. Мәнерлеп оқу
             6. Түсініп оқу
             Оқу  дағдыларының  қалыптасуы  әр  оқушыда  әртүрлі
           деңгейде  жүреді.  Сауат  ашу  барысынан  бастап-ақ  зерде
           даму  бұзылыстары  бар  балалардың  қабылдау  үдерісінің
           әртүрлілігі байқалады. Мысалы, бір бала әріпті есіне жақ-
           сы сақтаса, екіншісі бір-біріне ұқсас әріптерді шатастыруы
           мүмкін. Ал кейбір оқушы дыбыс пен әріптің арасындағы қа-
           тынасты түсінбейді, игерген әріп, дыбыстарды буынға қосу
           үдерісі  ұзақ  уақытқа  кешеуілдейді,  кейбір  оқушы  сөздегі
           дыбыс құрамын бұзып оқыса, кейбірі оқылған сөздер мен
           әрекет  арасындағы  байланысты  көрмейді.  Сипатталған
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           затты танымайды, қабылдай алмайды.
             Осы себептердің бәрі арнайы түзету мектептерінде оқу-
           шылардың  оқу  дағдысын  қабылдауындағы  әртүрліліктен
           туындайды. Бұл олардың сенсорлық, тілдік және танымдық
           мүмкіндіктерінің әртүрлі деңгейде болуымен байланысты.
           Тіл  дамыту  сабағы  уақытында  балалар  дағдыны  қабыл-
           даудың  әртүрлі  деңгейінде  болады.  Бұл  мұғалімнің
           сынып  оқушыларымен  фронтальды  жұмыс  жасауында
           қиындықтар туғызады.
             Енді  жоғарыда  көрсетілген  оқу  түрлеріне  тоқталып
           өтелік.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12