Page 11 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 11

special.edu.kz.
                                           special.edu.kz.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           тайды. Бір-біріне баға береді. Әр оқушы бір-екі сөйлемнен
           артық оқымауы тиіс. Оқылып болған соң оларға өзара бір-
           бірінің қателігін талдауға мүмкіндік беру қажет.
             5. Оқушылармен жеке жұмыс түрін ұйымдастыру.
             Әр сыныпта жұмыс қабілеті төмен оқушылар жеке жұ-
           мысты талап етеді. Физиологиялық, психологиялық ерек-
           шелігіне  байланысты  балаға  топта  жұмыс  істеу  қиындық
           туғызады.  Сол  себепті  баламен  жеке  жұмыс  түрі  ұйым-
           дастырылады.  Мұғалім  әртүрлі  қызықты  ойын  түрлерін
           қолдану  арқылы  баланың  сабаққа  деген  ынтасын  артты-
           рады.  Мысалы:  «Сен  сөйлем  ішінде  қанша  сөзді  дұрыс
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
           оқыдың? Сана. Мен саған сонша жұлдызша беремін. Ке-
           ше  сен  қанша  жұлдызша  алдың?  Бүгін  қанша  жұлдызша
           алдың? Салыстыр».
             Зерде  бұзылыстары  бар  балалардың  ішінде  фоне-
           матикалық есту қабілеті бұзылған балалар да көп кездеседі.
           Фонематикалық есту қабілетінің бұзылуы оқушының дұрыс,
           түсініп  оқуына  көп  кедергі  келтіреді.  Сондықтан  осындай
           балалармен логопед маманы жұмыс жасауы тиіс. Логопед
           балаларды арнайы топқа біріктіреді.
             Р. И. Лалаеваның «Зерде бұзылыстары бар балаларда
           оқу бұзылуының алдын алу» еңбегінде көптеген тәсілдер
           көрсетілген.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
             Фонематикалық  есту  қабілеті  бұзылған  балалар  үшін
           сөздегі айтылуы ұқсас дыбыстардың реттілігін сақтау, сол
           дыбыстардың  сөздегі  орнын,  санын  анықтауға  арналған
           жаттығулар беру қажет. Жұмыс барысында мұғалім оқушы-
           лардың  көру,  сезіну  талдауыштарына  сүйенеді.  Осы  оқу-
           шылармен  жұмыс  барысында  әртүрлі  ойын  тәсілдерін
           қолдану қажет. Мысалы: «Ойдан құрастырылған магнито-
           фон ойыны». Нашар оқитын оқушы жақсы оқитын оқушының
           оқыған мәтінін тыңдап отырады. Мұғалімнің «магнитофон
           қосылды»  деген  сөзінен  кейін  мәтіндегі  сөйлемді  нашар
           оқушының өзі оқиды. Оқып болған соң сынып оқушылары
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.
                                                                           9
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16