Page 9 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 9
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
7. Әңгімеге ат қой.
8. Бөлімдерге өздігіңнен ат қой.
9. Мәтіндегі бас кейіпкерді сипаттайтын сөздер мен сөз
тіркестерін тап.
Іштей оқу кезінде осы тапсырмаларды қолдану оқушы-
лардың мәтін мазмұнын түсінуіне жағдай жасайды.
7-сыныптан бастап іштей оқумен дауыстап оқу қатар
жүргізіледі. Оқушылар мәтіннің жартысын дауыстап оқыса,
жартысын іштей оқиды. Дауыстап оқыған мәтіннің бөлігін
сынып ішінде талдаса, іштей оқыған мәтіннің бөлігін
өздігінен талдауға үйге беріледі.
special.edu.kz.
special.edu.kz. Жүгіртіп оқу
Жүгіртіп оқу – сөйлеу тіліне тән жылдамдық. Жүгіртіп
оқу барысында оқыған мәтіннің мазмұны оқу жылдам-
дығынан басым.
Зерде бұзылыстары бар балалар мәтіннің күрделігіне
байланысты баяу оқиды. Н. К. Сорокинадан алған дерек-
терге қарағанда нашар оқитын балалардың арасында оқу
жылдамдығындағы айырмашылық көп емес.
8-сыныптың оқушыларының өзі мәтіннің күрделілігіне
байланысты бір жылдамдықпен оқымайды. Оларда ды-
special.edu.kz. special.edu.kz.
бысқа деген анализ және синтез бұзылған. Сонымен қатар
сөйлеу тілінің бұзылуын да ескерген жөн. Көру қабілетінің
төмендігі жұмыс жасауды нашарлатады. Қабылдау мүм-
кіндігінің шектелуі де оқу дағдысын меңгеруді тежейді. Сөз-
дік қорының кедей болуы, сөздік грамматикалық құрамын
дұрыс қабылдамауы да оқу дағдысын меңгеруді тежейді.
Осы себептердің бәрі оқушылардың мәтіннің арасындағы
логикалық байланысты көрмеуіне әкеледі.
Зерде бұзылыстары бар балалар мәтінді, әріптерді,
буындардың орнын ауыстырып оқиды. Бір сөздің соңымен
келесі сөздің басын қосып жібереді. Тағы бірі ортасындағы
оқу жолын түсіріп оқиды.
special.edu.kz. special.edu.kz.
7