Page 14 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 14
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
рек. Ол үшін мұғалім алдын ала дайындық жұмысын
жүргізіп алады немесе мәтінді өзі оқып шыққан соң
жүргізеді. Мұғалім жаңа сөзді ашу барысындағы жұмысқа
оқушыларды да тартады. Көп жағдайда мұғалім мәтін
ішіндегі жаңа немесе таныс емес сөздері оқушының
өздігінен таба білуіне жаттықтырады. Бұл кезде мұғалімге
үлкен шыдамдылық пен сабырлылық қажет. Себебі, зерде
бұзылыстары бар оқушы таныс емес сөздерді бірден
байқамайды. Ал үнемі мәтіннен таныс емес сөздерді
тауып, оның мағынасын ашқызу оқушылардың мәтінді өз
беттерінше түсінуіне жағдай жасайды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Арнайы мектептерде көркем шығарманы талдау күрде-
лі үдеріс. Оның қиындығы оқушылардағы бейнелі ойлау-
дың жеткіліксіздігі, оқушылардың көркем шығармадағы
оқиғаның нақты белгілерін ғана қабылдауы, оқиғаның аста-
рын, ондағы кейіпкерлердің бейнесін жан-жақты ашу, зер-
де бұзылыстары бар оқушылар үшін қиындау. Сол себепті
жоғары сынып оқушылармен көркем шығармаларды тал-
дау барысында көрнекі құралдарды көп қолдану қажет.
Екі құбылысты, екі кейіпкерді салыстыру арқылы мәтіннің
мазмұнын ашу.
Мұғалім сабақ барысында оқушының сұраққа толық
жауап беруін, байланыстырып сөйлеуін, әдеби шығарма-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
ны талдау барысында көркем сөздерді қолдануын талап
етуі тиіс.
Мәтінге талдау жасау
Мәтінге талдау жасау мұғалім мәтінді оқығаннан кейін
жүргізіледі. Мұғалімнен кейін сыныптағы жақсы оқитын бір-
неше оқушы оқиды. Орташа деңгейдегі оқушылар әңгіме-
нің бір бөлігін ғана оқиды. Ал төмен деңгейдегі оқушылар
мәтіндегі жеңіл үш-төрт сөйлемді оқиды. Оқуға сабақтың 20
минут уақыты беріледі. Мәтінді оқып болған соң, мұғалім
мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар қояды. Оқушылардан
толық жауапты талап етеді. (Оқушылар жауап барысында
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
12