Page 19 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 19
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
кейіп керлерді көз алдына елестете алады. Оқушылар
мұғалімнің оқығанынан кейін әр кейіпкердің сөзін өз бетін-
ше тауып оқуға мүмкіндік алады.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың зейінінің шашы-
раңқы болуы, мінез-құлқындағы тұрақсыздық оқу және тіл
дамыту сабағында мәтіндегі белгілі бір бөлікті тауып оқуы-
на көп кедергілер келтіреді. Оқушыға мұғалім тапсырған
бөлікті табу қиын. Сондықтан мұғалім үнемі сабақ бары-
сында өзі басшылыққа ала отырып оқушылар ды жаппай
сабаққа қатыстырып, арнайы берілген бөліктерді тауып
оқуына бағыт беріп отырады. Біртіндеп мұғалім оқушылар-
special.edu.kz. special.edu.kz.
ға дауыстап, тізбектей оқытады. Содан кейін барып алдын
ала оқылатын мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін оқушылар-
ға бөліп береді. Мұғалім өзі бірінші автордың сөзін мәнер-
леп бастап оқиды, белгілі бір кейіпкерге келгенде оқушыға
жалғастыруға мүмкіндік береді. Осылайша оқушылардың
өз сөздерін тауып, оны дұрыс оқуын қадағалап отырады.
Берілген оқулықтың басты ерекшелігінің бірі – кейіп-
керлердің сөздері жеке жолдан берілген. Мысалы, «Аяз
би» ертегісінде:
Қойшы:
– Уа, мырзалар, жол болсын! Не істеп жүрсіздер? – дейді.
Уәзірлер:
special.edu.kz. special.edu.kz.
– Хан бізге тапсырма беріп еді, – дейді.
Осы тәсіл оқушыларға мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін
оңай табуға, рөлге бөліп оқу дағдысының қалыптасуына
үлкен көмек. Рөлге бөліп оқу кезінде оқушы өз бетінше
оқулықпен еркін жұмыс жасауға дағдыланады. Өз бетінше
кейіпкерлердің сөздерін тауып, оған мінездеме бере алады.
Пәнге деген қызығушылығы оянады. Сабаққа қатысу бел-
сенділігі артады. Дұрыс және түсініп оқуға мүмкіндік алады.
Рөлге бөлудің негізінде оқу дағдыларының барлық түр-
лері: дауыстап оқу, жүгіртіп оқу, дұрыс оқу, мәнерлеп оқу,
түсініп оқу дағдылары жүзеге асады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
17