Page 22 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 22
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Әңгімені оқуда ұсынылатын әдістемелік нұсқалар
Оқу сабағында пайдаланылатын негізгі материал – ол әң-
гіме. Оқулықта берілген материалдардың 50 пайызын әң-
гіме құрайды.
Әңгіме кейіпкерлердің өмірінде болатын оқиғалардың
тізбегі. Әңгімеде сол сәтте болып жатқан оқиға немесе
болашақта болатын оқиға айтылуы мүмкін. Көлемі жағынан
да, кейіпкерлердің саны жағынан да әңгімелер әртүрлі бо-
лады. Мазмұнына қарай әңгіме бірнеше түрге бөлінеді:
- әзіл-ысқақ әңгімелер;
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
- сатиралық әңгімелер;
- драмалық әңгімелер;
- тарихи әңгімелер.
8-сыныпқа арналған оқу және тіл дамыту оқулығында
Отандық және шетел жазушыларының шығармаларынан
үзінділер хронология бойынша ұсынылған.
Оқулықтағы барлық әңгімелер зерде бұзылыстары бар
оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып таңдалған
және бейімделген.
- Үлкен көлемді әңгімелер мен өлеңдердің көлемі қыс-
қартылды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
- Күрделі сөйлемдер бірнеше жай сөйлемдерге ал-
мастырылды.
- Мәтіндегі қиын сөздер іріктеліп алынды. Олардың
мағынасына сөздік арқылы түсініктеме берілді.
- Мәтін аяқталған оймен бірнеше қысқа абзацтарға
бөлінді.
- Берілген абзацтар бойынша әдістемелік аппаратта
сұрақтар берілді (бұл сұрақтар әңгіменің мазмұнын толық
ашып айтуға жақсы мүмкіндік береді).
- Әңгіменің мазмұнын ашатын көріністі суреттер берілді.
- Кейіпкерлердің сөздері нақты жеке жолдан берілді.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
20