Page 21 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 21
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Ертегілерді оқуда ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар
1. Оқушыларға ертегіні таныстырмас бұрын оның ішін-
дегі кейіпкерлердің суреттерін көрсетуге болады. Ол ар-
қылы балалар жануарлардың адамның тілімен сөйлей
білуін түсінуі керек.
2. Ертегіні оқымас бұрын ертегі кейпкерлерінің суретін
көрсетіп алуға болады.
3. Ертегіні мұғалім оқып жатқан кезде міндетті түрде
кейіпкердің дауысын салып, ишарат, мимикасын келтіріп,
интонациясын ұстап тұрып оқуы керек. Бұл оқушылардың
special.edu.kz. special.edu.kz.
қызығушылығын оятады. Ертегіні аудио, бейнежазбалар
арқылы да тыңдатуға болады.
4. Ертегіні оқу барысында ондағы кейіпкер әрекеттерін
мынау шын, мынау ойдан құралған ертегі кейіпкері деп
бөліп айтуға болмайды. Себебі, ертегінің мән-мағынасы
кетіп қалады.
5. Ертегіні рөлге бөліп оқыған қызықты. Бірақ бұл жұ-
мысқа кіріспес бұрын ертегіні оқып, талдап әр кейіпкердің
әрекетіне баға бере білу керек.
6. Оқушылар ертегі мазмұнын айтуға дайын болу керек.
Ертегі толықтай мәтінге жақын мазмұнмен айтылады. Со-
special.edu.kz. special.edu.kz.
нымен қатар қысқа ертегілер толықтай айтылады. Ал көлемі
үлкен ертегілердің мазмұны мұғалімнің тапсырмасы бо-
йынша немесе мұғалімнің бөліп беруімен оқытылады.
7. Ертегіні бір оқушының ұзақ оқуы дұрыс емес. Себебі,
балалар жалығып кетеді және әдістемелік тұрғыдан ал-
ғанда дұрыс та емес.
8. Жоғары сыныптарда ертегілерді бөлімдерге бөлу де,
ат қою да оңай. Балалар арнайы сөздерді ұмытпас үшін
әр бөлімге тән сөздерді жоспарға жазып отыруларына да
болады.
special.edu.kz. special.edu.kz.
19