Page 20 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 20
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Ертегілерді оқу
Ертегі – оқушылар үшін ең сүйікті жанрдың бірі.
«Оқу және тіл дамыту» оқулықтарында ертегілердің
мына түрлері қамтылған:
- тұрмыс-салт ертегілері;
- қиял-ғажайып ертегілері;
- жануарлар туралы ертегілер.
Ертегінің бір ерекшелігі – онда кейіпкерлердің барлығы
сөйлейді (заттар, аңдар, табиғи құбылыстар). Осының өзі
оқу шыларға қызықты. Әр ертегінің мазмұнының оқушыларға
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
беретін тәрбиелік мәні үлкен. Кейіпкерлердің іс-әрекеті ар-
қылы оқушылар өмірде жақсы мен жаманды, мейірімділік пен
қатыгездікті, еңбекқорлық пен жалқаулықты салыстырып
үйренеді. Ертегі – оқушылардың сөйлеу тілінің дамуына жағ-
дай жасайтын жақсы мүмкіндік. Өйткені ертегіні рөлге бө-
ліп оқу, кейіпкерлердің қимылын, дауысын салып айту оқу-
шыларға өте қызық. Осы қызығушылықтың нәтижесінде
олар ертегінің мазмұнын толық жеткізуге тырысады. Мұ-
ғалім одан әрі оқушыларды қызықтыру үшін түрлі диа-
фильмдер, аудио, бейнежазбалар, интербелсенді тақта-
ны, жан-жануарлардың бет перделерін қолданады.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Оқушыларға ертегінің мазмұнын толық ашуға тағы да
бір мүмкіндік — ол сахналық қойылым.
Ертегіні мазмұндаудың тағы бір ерекшілігі – оқушыға ер-
тегінің немен аяқталатынын болжату. Ол үшін оқылған ер-
тегіге мұғалім қосымша сұрақтар арқылы оқушыны қызық-
тырады (Сен осы ертегіні қалай аяқтар едің? Сен ... ор-
нында болсаң не істер едің?..). Оқулықта жоғарыда ай-
тылған барлық тәсілдерді ескере отырып, біз ертегілерге
сахналық қойылым, кейіпкерлерге суреттер арқылы мінез-
деме беруге, жұмбақ шешу арқылы кейіпкерлерді табуға
тапсырмалар бердік.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
18