Page 15 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 15
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. Оқылған мәтінді бекіту
special.edu.kz.
мұғалім ұсынған көрнекіліктерді қолдана білуі және соған
сүйеніп толық жауап беруі тиіс).
5-9-сыныптардан бастап оқушылар көлемі жағынан үл-
кен шығармаларды оқи бастайды. Осыған байланысты
мұғалім шығармалардың кейбір бөлігін үйден оқуға береді.
Мұғалім алдын ала оқушыларға қандай сұрақтарға жа-
уап беру керектігін айтады. Бұл сұрақтар шығарманың
желісін сақтауға және сыныпта оқыған шығарма бөлігімен
байланысын үзбеуге негізделуі тиіс. Оқылған шығармаға
special.edu.kz. special.edu.kz.
толық талдау жасау әңгімені толық оқып болғаннан
кейін жүргізіледі. Оқушы шығармадағы басты кейіпкерге
мінездеме береді. Зерде бұзылыстары бар оқушы әңгіме
кейіпкеріне мінездемені қарапайым сөздермен ғана бере
алады. Ол шығармадағы оқиғалардың жеке бөлігін ғана
сипаттап айтуы мүмкін, сол себепті шығарманы талдау
кезінде сынып болып түгел оқушылар қатысуы тиіс.
Оқушыларды бір-бірінің жауабын толықтырып, жарысып,
соңына қарай толық мәтін желісін құрастырып айтатындай
дәрежеге жеткізуіміз қажет.
Жоспар құру
special.edu.kz. special.edu.kz.
Жоғары сынып оқушыларында мәтінге жоспар құру
біршама қиындай түседі. 6-сыныптан бастап оқушы өз
бетінше жоспар құруға дағдылануы тиіс. Бірақ зерде
бұзылыстары бар оқушылардың өздігінен жоспар құру
қабілеті төмен. Сондықтан мұғалім бөлімдерге оңай
бөлінетін, негізгі ойды оңай анықтай алатын, мазмұны
жеңіл шығармаларды іріктеп алуы тиіс. Одан әрі оқушы тек
қана бір әрекетті жүзеге асыра алады:
- дайын жоспармен мәтінді бөлімдерге бөледі;
- бөлімге ат қояды.
Оқыған мәтінді өз бетінше мазмұндау. Жоғары
сынып оқушылары мазмұндаудың бірнеше түрін (теріп
special.edu.kz. special.edu.kz.
13