Page 13 - Әдістемелік құрал. Оқу жане тіл дамыту. 8-сынып
P. 13
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz.
special.edu.kz. Түсініп оқу
Түсініп оқу – мәтіннің мазмұнын толық түсініп оқу түрі.
Оқудың осы түрін меңгеру барысында негізгі рөлді
төменде көрсетілген сабақ түрлері атқарады:
1) оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау;
2) сөздік жұмыс;
3) бірінші мұғалімнің мәнерлеп оқуы, екінші оқушы-
лардың оқуы;
4) қайталап оқу барысындағы жасалатын талдау;
5) жоспар құру;
special.edu.kz. мәтінді special.edu.kz.
6) мазмұндау;
7) көркем шығармаларды екпін ырғағын қойып оқу;
8) кейіпкерлерге мінездеме беру;
9) оқылған материалды қорытындылау.
қабылдауға
дайындау.
Оқушыларды
Оқушыларды мәтінді қабылдауға дайындау кезінде алдын
ала кіріспе әңгімемен ғана шектелуге болмайды. Кіріспе
әңгіме бірқатар әдістер мен тәсілдерден тұруы қажет.
Оқушыларды алдын ала мұғалім топ серуенге апарады.
Қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді бақылайды.
Табиғи материалдарды талдайды, талқылайды, салысты-
рады, өз ойларымен бөліседі, өз ой тұжырымдарын айтады,
special.edu.kz. special.edu.kz.
өз көзқарастарын білдіреді. Топ серуеннен кейін сыныпқа
келіп оқушылар серуен барысында алған білімдерін өтілетін
жаңа материалмен ұштастыра білу керек. Ал егер өтілетін
сабақ тақырыбы балаға таныс емес болса (мұхит, тау
ішінде болған оқиға, су астындағы тіршілік, жабайы аңдар
туралы мәтіндер болса т.б.) мұғалім көрнекі құралдардың
көмегімен, әсіресе интербелсенді тақтаны қолдану арқылы
барынша берілген тақырыпты шынайы етіп аша білуі қажет.
Мәтінді толық түсіну үшін ең басты рөлді сабақтағы
сөздік жұмысы алады.
Сабақтың әр кезеңіне мәтін ішінде 3-4 қиын сөздер кез-
деседі. Балалар үшін таныс емес сөздің мағынасын ашу ке-
special.edu.kz. special.edu.kz.
11