Page 100 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 100
special.edu.kz.
special.edu.kz.
ЖАНУАРЛАР МЕН ҚҰСТАР ӘЛЕМІ special.edu.kz.
1. Мәтінді түсініп оқы. Досыңмен бірге қоңыр аю мен ақ аю-
дың диалогін оқыңдар.
– Қоңыр аю, неге сен менің жерімде жүрсің? – деді ақ аю. special.edu.kz.
special.edu.kz. special.edu.kz.
Ақ аю мен қоңыр аю
Бір күні қоңыр аю солтүстікке, теңізге қарай жүрді, ал ақ
аю оңтүстікке, жерге қарай жүрді. Олар теңіз жағасында
кездесті.
– Сенің жерің бар ма? Сенің орның – теңіз, сенің жерің –
мұз, – деді қоңыр аю.
Ақ аю ашуланды, қоңыр аю да ашуланды. Екеуі төбеле-
се бастады. Түске дейін төбелесті. Ешқайсысы да жеңбеді.
Кешке дейін төбелесті. Екеуі де шаршады. Сосын жерге
отырды.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
– Сен күшті екенсің, – деді қоңыр аю, – ал мен ептімін,
шапшаңмын. Сондықтан ешқайсысымыз да жеңбейміз. Не
жетпейді бізге? Біз ағайындармыз ғой.
– Иә, біз ағайындымыз. Не жетпейді бізге? Жер үлкен.
– Менің орманым үлкен. Мен мұзда не істеймін?
– Мен орманда не істеймін? Мен орманға бармаймын.
Әрқайсысымыз өз жерімізде тұрайық, – деді ақ аю.
Сөйтіп қоңыр аю орманға кетті. Ақ аю теңіз жағасында
қалды.
(Ненец ертегісі)
1) Қоңыр аю қайда жүрді?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
2) Ақ аю қайда жүрді?
3) Олар қай жерде кездесті?
4) Ақ аю қоңыр аюдан не деп сұрады?
5) Қоңыр аю не деп жауап берді?
6) Ақ аю мен қоңыр аю не істеді?
7) Кім жеңді? Олар қайда кетті?
теңізге қарай – к морю Не жетпейді бізге? –
жерге қарай – к земле Чего нам не хватает?
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
98