Page 102 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 102

special.edu.kz.
 special.edu.kz.




                         4. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің бірінші бөлігін көшіріп жаз.           special.edu.kz.


                 Халық «орман күзетшiлерi» деп атайтын құстар көп.
             Олар – орман шымшығы, сары торғай, тоқылдақ. Бұл
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
             құстар – ағаштардың, бұталардың жапырағын, гүлiн, тамы-
             рын бүлдiретiн жәндiктермен коректенеді.
                 Ағаш қабығын тесiп өтiп, жуан ағаштың өзiн де зақымдай-
             тын қабық құрты болады. Бұл құртты тоқылдақтар тауып
             алып жейді.
                 Орманға, бау-бақшаға, астық өсiмдiктерiне пайдалы
             құстар көп. Олар – қарлығаш, бозторғай. Бұл кiшкентай
             әншi құстарды халық «қанатты достар» деп те атайды.


                    Тырнақша ішіндегі сөздерді көшіріп жаз. Мағынасын түсіндір.
 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    Екінші бөліктің екінші сөйлемін сөйлем мүшелеріне талда.


                    5. Мәтінді түсініп оқы. Суретке қара, мәтін сөз-
             дерімен үкіні сипатта.

                 Үкі – жемін түнде аулайтын жыртқыш құс.
             Оның  басы  үлкен,  көздері  бақырайған,  қа-
             уырсындары жұмсақ. Ол ұшқанда дыбыссыз
             қанат қағады.

                              («Қазақстан құстары» кітапшасынан.)

 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
                    Мәтіннің сипаттау мәтіні екенін дәлелде.
                    Төмендегі жоспар бойынша мәтін бөліктерін талда. Қай бөліктің
             жазылмағанын анықта. Басқа дереккөздерден үкі туралы ақпарат та-
             уып, мәтінді толықтырып жаз.


                 Жоспар
                 1)  Жыртқыш құс.
                 2)  Үкінің түр-түсі.
                 3)  Оның пайдасы.




 special.edu.kz.                           special.edu.kz.                                       special.edu.kz.
          100
   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107