Page 103 - Қазақ тілі_8-сынып_ЯЗ-2
P. 103
special.edu.kz.
special.edu.kz.
Өсімдіктер әлемі special.edu.kz.
1. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің бірінші және соңғы сөйлем-
дерін көшіріп жаз.
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Қазақ халқы әр өсімдіктің пайдасы мен зияны туралы біл-
ген. Дарқан даламызда жайыла өсетін қарапайым жусан-
ды алайық. Бұл өсімдіктің дермене жусан атты түрін қазақ
халық емшілері ішекқұрт ауруын емдеуге қолданған. Бая-
ғы заманда бабаларымыз бұл өсімдікті сауда керуендері
арқылы шетелдерге жіберген. Ал қаражусанның тамырын
тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт ауруына пайдаланған.
Өсімдіктің әр бөлігін – тамырын, сабағын, жапырағын, гүлін
жинау қағидалары сақталуға тиіс, әйтпесе оның құрамы өз-
геріп, шипалы қасиеттері бұзылады. (Г. Жомартова)
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
Мәтінді өмірдегі жағдаяттармен байланыстыр. Қандай өсімдік-
терді емдік шараларға қолданғанын көрдің?
Тағы да қандай дәрілік өсімдіктерді білесің? Басқа дереккөздер-
ден қажетті ақпарат жина.
2. Мәтінді түсініп оқы.
Ағаш өзіне пайдалы затты атмосферадан алады. Ол бір
жылда 1000 шақырым жол жүрген көліктен шыққан газды
жұтады. Бір ағаш жылына 100 шаршы метр, яғни 120 ки-
special.edu.kz. special.edu.kz. special.edu.kz.
лограмм оттегі газын шығарады. Мұнша көлемдегі оттегі
шағын отбасына бір жылға жетеді. Ал орманда жүрген адам-
ның жүрек қағысы минутына 20 соққыға баяулайды. Тыныс
алуы жиілейді.
Бірінші екі сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.
Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сәйкес сызықтар-
мен сыз.
special.edu.kz. special.edu.kz. 101 special.edu.kz.