Page 5 - 9.4
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Айналадағы әлем» пәні балалардың ой-өрісін кеңейтеді,
олардың сөйлеу тілін және ақыл-ойын дамытады, табысты
танымдық әрекетке дайындайды. Қоршаған әлеммен
таныстыру барысында балаларды қоғамға әлеуметтендіру
мен кіріктіру үдерісі жүреді. «Айналадағы әлем» оқу пәні – бұл
адамның, табиғаттың және қоғамның өзара әрекеттенуі мен
өзара шарттылығы туралы білім жүйесін қалыптастыратын
біріктірілген пән. Адам, табиғат, қоғам, оның ішінде, жанұя,
мәдениет, денсаулық, өзара қарым-қатынас, ұлт, қоғам,
мемлекет, қоршаған табиғи орта – барлығы пәннің зерделеу
нысандары болып табылады.
«Айналадағы әлем» оқу бағдарламасының мақсаты –
special-edu.kz. special-edu.kz.
зерде даму бұзылыстары бар оқушыларға табиғат туралы
қарапайым түсінікті меңгерту, жақын қоршаған орта
заттары мен құбылыстары туралы олардың түсініктерін
байыту және жүйелеу; қоршаған болмыс заттарымен және
құбылыстарымен таныстыру негізінде ауызекі сөйлеу тілін
дамыту.
«Айналадағы әлем» пәнінің ортақ міндеттері:
1) дамудың жалпы және сөйлеу тілдік кемшіліктерін түзету
немесе тегістеу;
2) танымдық әрекетті дамыту;
3) қоршаған әлем туралы түсінікті кеңейту және байыту;
4) басқа оқу пәндерін оқу кезінде қажет болатын
special-edu.kz. special-edu.kz.
қарапайым түсініктер мен ұғынымдарды қалыптастыру;
5) көру, салыстыру, қорытындылау, нақтылау, қарапайым
тұжырымдама жасау, қарапайым себеп-салдарлық
байланыстарды таба білу қабілеттілігіне үйрету;
3