Page 8 - 9.4
P. 8
special-edu.kz.
special-edu.kz.
болғанымен, қоршаған әлем туралы нақты түсініктері
болмайды;
– сезімдік таным аймағының тарылуы. Бұл, ең алдымен,
зерде даму бұзылыстары бар балалардың мектепте оқу
кезеңінің басталар кезінде қалыпты дамыған құрдастары
өздігінен меңгеретін білімді, дағдылар мен икемділіктерді
special-edu.kz. special-edu.kz.
меңгермейтіндіктерінен көрінеді.
Осыған байланысты қоршаған әлем заттары мен
құбылыстарына деген немқұрайдылық пен ақылға қонымсыз
қатынас байқалады. Алайда зерде даму бұзылыстары
бар балаларда арнайы ұйымдастырылған педагогикалық
түзету әрекетінің үдерісінде қоршаған әлем туралы шынайы
бейнені қалыптастыруға болады.
«Айналадағы әлем» пәні бойынша сабақтар балаларда
әлем туралы шынайы білімді қалыптастыруға және оған
деген дұрыс қатынасты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Қоршаған әлем туралы түсінікті қалыптастырудың негізгі
үш бағыты:
special-edu.kz. special-edu.kz.
1. Ең бірінші қажеттіліктерді жүзеге асыру үшін қоршаған
нысандар туралы қажетті түсінікті алуды, заттардың
орналасу орнын, үйдің ішіндегі жайларды табуға және
оларды белгілеуге қатысты кеңістікте бағдарлауды
білдіретін жақын ортада бағдарлау.
2. Қоғамдық пайдалану нысандарымен, тірі және өлі
табиғат нысандарымен және құбылыстарымен танысу
үдерісінде жүретін сыртқы орта туралы түсініктерді дамыту.
3. Қандай да бір уақыт (күн, апта, жыл және т.б.)
ішінде болатын жағдайлардың бірізділігін ұғынуды;
бірлескен әрекет үдерісінде қарапайым уақыт түсініктерін
пайдалануды, оларды белгілеуді; жыл мезгілдеріне тән
special-edu.kz. special-edu.kz.
белгілерді ерекшелеуге; жұмыс кестесін құруды, сағатты
және күнтізбені пайдалануды қамтитын уақытта бағдарлау.
Зерде даму бұзылыстары бар білім алушыларды
қоршаған әлеммен таныстыру сабақтарының басты
6