Page 12 - 9.4
P. 12
special-edu.kz.
special-edu.kz.
АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ 0-СЫНЫБЫНДАҒЫ
ЖЕҢІЛ АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА
АРНАЛҒАН «АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ» ПӘНІ
БОЙЫНША ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
special-edu.kz. special-edu.kz.
0-сыныпта «Айналадағы әлем» пәні бойынша сабақтар
аптасына 2 сағат, яғни оқу жылында 66 сағат жүреді.
«Айналадағы әлем» бағдарламасы білім берудің өзара
байланыстылық және өзара шарттылық құндылығы мен
мектептен берілген пәнді оқытудың мақсат жүйесімен
«шығу» нәтижесіне негізделген тәрбиелеу мен оқытудың
біртұтастық қағидасын жүзеге асырумен қамтамасыз етеді.
Балаларда қоршаған орта туралы адекватты заттық
түсініктер жүйесін қалыптастыруға құрамында оқулық пен
балаларға арналған жұмыс дәптері, содай-ақ мұғалімдірге
арналған әдістемелік нұсқау кіретін «Айналадағы әлем»
пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен көмектеседі. Аталған
special-edu.kz. special-edu.kz.
кешеннің дидактикалық материалы Жеңіл ақыл-ой кемістігі
бар оқушыларға арналған арнайы (түзету) мектептің
0-сыныбына арналған «Айналадағы әлем» пәні бойынша
Үлгілік оқу бағдарламасына (2017) сәйкес таңдалып
алынған. Оқу-әдістемелік кешенде берілген педагогикалық
жұмыс жүйесі зерде даму бұзылыстары бар балаларда
көру арқылы қабылдауды дамытуға, жіктеу және жинақтау
қабілетін қалыптастыруға, ауызекі сөйлеу тілін дамытуға
бағытталған. Оқу-әдістемелік кешенде жеңіл ақыл-ой
кемістігі бар оқушыларды қоршаған болмысқа енгізуге,
олардың сөйлеу тілдік әрекетін ынталандыруға көмектесетін
сан алуан түрлі лексикалық материал берілген.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқулық пен жұмыс дәптерінің мақсаты – мұғалімге
оқушыларды қоршаған әлеммен таныстыру және
сөйлеу тілін дамыту бойынша түзете дамыту жұмысын
ұйымдастыруға көмектесу. Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі
10