Page 14 - 9.4
P. 14

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          технологиялық карталар алдын ала жоспарлауды қажет
          ететін бірнеше параметрлерді (микромақсаттар, заттық-
          практикалық әрекеттер, сөйлеу тілін дамыту, проблемалық
          жағдаяттар, әлеуметтік дағдылар, пәнаралық байланыстар)
          қамтиды.  Тақырыпты  жобалаудың  педагогикалық
          технологиясы оқытудың мазмұнында сабақтың мақсатын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          барынша  өнімді  шешілуімен  қамтамасыз  ететін  жетекші
          тізбектерді  ерекшелеуді  ұсынады.  Мазмұнның  маңызды
          сәттерін ерекшелей отырып оқушылардың саналық әрекетінің
          сипатын ауыстыруды ұсынатын жұмыстың әдіс-тәсілдерінің
          тиімді  құрылымы  есепке  алынады.  Тақырыпты  жобалау
          технологиясында  қандай  құрылымдық  компоненттердің
          алғашқы рет енгізілетіні, қайсыларының белсендірілетіні,
          балалардың қандай материалды проблемалық деңгейде
          оқитыны және оқушылардың алынған білімі мен дағдыларын
          практикалық қолдану үшін қандай материалда жаттығатыны
          алдын ала анықталған.
            Оқыту  технологиясында  бір  тақырыппен  өзара
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          байланысқан ұсақ мақсаттардың болмауы, оқыту үдерісінің
          дамыту  сипатын  бірден  төмендетуі  мүмкін.  Сондықтан
          оқушының  жақын  арадағы  даму  аймағындағы  белгілі
          бір  мақсатқа  қол  жеткізуін  бағытталған  микромақсаттар
          жобалаудың басты компоненті болып табылады.
            Балалардың оқу материалын өнімді әрекетінің үдерісінде
          меңгерулері  «Айналадағы  әлем»  пәнін  оқытудың  басты
          талабы  болып  табылады.  Заттық-практикалық  әрекет
          әрбір оқушы үшін қажеттілікке айналады деп шамаланады.
          Мұғалім осы мақсатта тақырыпты жобалағанда, алдымен
          практикалық  тапсырмаларды  анықтайды,  ал  сабақта
          олардың  мәнін  ашып,  қажеттілігін  баса  көрсетеді.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          0-сыныптағы технологиялық карталарда берілген әрекет
          түрлері,  негізінен,  балалар  үшін  қолжетімді.  Мүсіндеу,
          сурет салу аппликация құрастыру жұмыстары әдеттегідей
          жас  шамасына  қарай  дамудың  ерте  кезеңіне  қатысты

          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19