Page 9 - 9.4
P. 9
special-edu.kz.
special-edu.kz.
мақсаты – олардың қоршаған болмыстың әртүрлі заттары
мен құбылыстары, сондай-ақ адам, оның әрекет түрлері
және табиғатпен өзара қатынасы туралы түсініктері мен
оларды тұтас қабылдай білуін қалыптастыру.
Бұл сабақтардың басты қолданысы – қоршаған болмыс
заттарымен және құбылыстарымен таныстыру негізінде
special-edu.kz. special-edu.kz.
ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Балаларды айтылған сөзді
түсінуге, қажетті нұсқауды орындауға, өзінің әрекетін
мұғалімнің талабына қарай бағындыруға үйретеді.
Балаларды қоршаған әлем заттарымен және
құбылыстарымен таныстыру бойынша түзете дамыту
жұмысының міндеттері:
1. Жас шамасына сәйкес сенсорлық дамыту: түстің,
пішіннің, шаманың үлгі эталондарын меңгеру; заттардың
қасиеттері (түс, пішін, шама), материалдардың қаситтері
туралы жалпы түсініктерді жинау.
2. Танымдық дамыту: жас шамасына сәйкес келетін
жалпы зерделік икемділіктерді (талдау, салыстыру,
special-edu.kz. special-edu.kz.
жинақтау, практикалық топтастыру, логикалық тұрғыда
жіктеу, тұжырымдау және т.б. операцияларды) меңгеру;
заттардың сан алуан түрлі қасиеттерін анықтау, заттардың
арасындағы сан алуан түрлі қатынастарды (мезгілдік,
кеңістіктік, сандық) түсіну.
3. Қоршаған әлем заттарымен және құбылыстарымен
танысу негізінде сөздік қорын нақтылау, байыту және жүйелеу.
Балаларды қоршаған әлеммен таныстыру бойынша
материалды оқыту және бөлу бірізділігі ғылымилық,
қолжетімділік, ортақтылық, жүйеліліктің дидактикалық
қағидаларына бағындырылған.
Қоршаған әлеммен таныстыру бойынша жұмыста
special-edu.kz. special-edu.kz.
оқытудың сан алуан түрлі тәсілдері әртүрлі үйлесімде
пайдаланылады:
– сөздік (әңгіме, әңгімелесу, хабарлау, көркем әдебиетті
оқу);
7