Page 10 - 9.4
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
– көрнекілік (қоршаған әлем заттары мен құбылыстарын
көру талдауышының көмегімен көру, бақылау, тексеру);
– практикалық (дидактикалық ойын, дидактикалық
жаттығулар және т.б.).
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды адамдар
әлемімен, табиғат әлемімен, заттар әлемімен таныстыру
special-edu.kz. special-edu.kz.
барысында ойын тәсілі, салыстыру, дауыстың күшін, биіктігін
және интонациясын өзгерту сияқты әдістемелік тәсілдер
пайдаланылады. Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларды
таныстыру кезіндегі мұғалімнің басты міндеті – табиғат
құбылыстары мен нысандарын бақылауды ұйымдастыру.
Экскурсия және арнайы ұйымдастырылған серуен кезінде
мұғалім балаларды қарапайым еңбек әрекеттеріне
(өсімдіктерді суғару, түскен жапырақтарды жинау, ағаштың
түбін тазарту, құстарды тамақтандыру үшін жемістерді
жинау) тарта білуі керек. Осының нәтижесінде балаларда
өсімдікті жұлмау, құстар мен жануарларды қорғау дағдылары
пайда болады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Табиғаттың сұлулығын сипаттайтын өлеңдерді оқу,
дайындық жұмысын жүргізу, дидактикалық және шапшаң
қимылды ойындарды пайдалану, жануарлардың немесе
табиғат көрінісінің суретін салу сабақтың бөлінбес бөліктері
болып табылады.
Қоршаған әлем заттары мен құбылыстары туралы
түсініктерді қалыптастыру үдерісіндегі балалардың әрекетін
басқару балалардың ересек адамдармен және өзара сөздік
қарым-қатынасын білдіреді, яғни ересек адам балаларға
тапсырма береді және сұрақтар қояды (қара, таңда,
салыстыр, біл, заттардың ұқсастықтарын анықта; суретін сал,
жаз және т.б.); олардың бақылаулары, орындаған немесе
special-edu.kz. special-edu.kz.
орындауға тиісті жұмыстары туралы хабарламаларын
тыңдайды; пікірлерін талқылауды, тұжырымдама жасау
немесе белгілі бір жағдайды ашып көрсетуді және т.б.
ұйымдастырады. Әрине, қоршаған әлеммен таныстыруда
8