Page 7 - 9.4
P. 7
special-edu.kz.
special-edu.kz.
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ӘЛЕМ
ЗАТТАРЫМЕН ЖӘНЕ ҚҰБЫЛЫСТАРЫМЕН
ТАНЫСТЫРУ БОЙЫНША ТҮЗЕТЕ ДАМЫТУ
ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға қоршаған
special-edu.kz. special-edu.kz.
болмысқа деген қызығушылықтың үстіртін болуы
тән. Олардың ұғынымдары толық, нақты болмайды,
бұрмалануымен, үзік-үзік болуымен, тез ұмытылуымен
сипатталады. Бұл, ең алдымен, заттарды топтастыруға
негіз болатын, талданатын заттардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын таба алмаудан байқалады. Зерде
даму бұзылыстары бар балалар заттарды сөз арқылы
топтастырған кезде сан алуан түрлі қателіктерді жібереді:
– ауызекі топтастыру әрекетінің мүлдем болмауы
(«білмеймін», «ұмытып қалдым»);
– тектік атаудың атқарымдық әрекетімен ауыстырылуы
(ыдыс – «одан ішеді», киім – «киеді», музыка аспаптары –
special-edu.kz. special-edu.kz.
«оларда ойнайды»);
– тектік термин сөздердің араласып кетуі («көкөністер –
жемістер», «жиһаз – ыдыс» және т.б.);
– тектік сөздердің заттың көптік түрдегі нақты атауларымен
ауыстырылуы (аяқкиім – «бәтеңкелер», жәндіктер –
«көбелектер»);
– жағдаяттық қорытындылау (шырша ойыншықтары –
«шыршаға», оқу құралдары – «мектеп»).
Бұл жағдайлардың себептері:
– сөйлеу тілдік қарым-қатынастың кедейлігі. Балалар
ересек адамдарға танымдық сұрақтарды сирек қояды
және дұрыс толық жауапты ешқашан пайдаланбайды.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сондықтан олар көптеген сөздер мен айтылымдардың
мағынасын түсінбей, оларды қоршаған әлем заттары
мен құбылыстарымен сәйкестендірмей, жаттанды түрде
меңгереді. Тіпті, олардың сөздік қоры біршама үлкен
5