Page 50 - 9.4
P. 50

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

                                 ҚОРЫТЫНДЫ

            Қоршаған орта туралы адекватты түсініктемені қалып-
          тастыру баланың айтылған сөйлеу тілін түсіну үшін негіз
          құрайды,  оның  қоғамдық  дағдыларын  байытуға  және
          танымдық  белсенділігін  оятуға  көмектеседі.  Табиғат
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          және  қоғам  әлемімен  таныстыру  үдерісінде  балаларда
          байқампаздық,  айырмашылықтар  мен  ұқсастықтарды
          байқау,  бақыланатын  құбылыстардың  себептерін  табу
          дағдылары қалыптастырылады, әңгімелесе білу дағдысы,
          жалпы алғанда, байланыстырылған сөйлеу тілі дамиды.
          Бірақ бұл мұғалімнің дамудың жалпы жас және психоло-
          гиялық ерекшеліктері туралы білімді ғана тірек етпей, зерде
          дамуы бұзылған әр баланың жеке ерекшеліктерін түсінгенде
          ғана мүмкін болады.
            Қоршаған әлем заттары және құбылыстарымен таныс-
          тыруға  арналған  ойындар  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар
          балалардың өмірінде басты орын алуға тиісті. Дидактикалық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ойындар мен жаттығуларды кеңінен пайдалану балалардың
          қоршаған  әлемді  талдауға  үйрету  үшін  кең  мүмкіндік
          тудырады, ал бұл олар үшін таныс, қолжетімді, жағымды
          әрекеттер барысында олардың ойлау қабілетін дамытады.
          Бұл  тапсырмалар  мен  жаттығулардың  маңызды  түзету
          міндеті – балалардың сөйлеу тілін қоршаған болмыс туралы
          нақты  түсініктерді  қалыптастырумен  тығыз  байланыста
          дамыту.  Балалар  өздері  бақылаған  құбылыстар  мен
          оқиғалар туралы, өзінің практикалық әрекеті туралы (заттар
          мен  құбылыстардың  ауызекі  сипаттамасын  құру,  өзінің
          пікірі мен қорытындысын дәлелдей және негіздей отырып
          әңгімелесе білу) әңгімелеуге үйренуге міндетті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Логикалық айтылымды құра білу икемділігін қалыптастыру
          жұмысында суреттер бойынша әңгімелеу тәсілі үлкен орын
          алады. Пайдаланылатын жұмыс түрлері: сурет бойынша
          ұжымдық ауызекі сипатаманы құрастыру, сюжеттік сурет



          48
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54