Page 47 - 9.4
P. 47
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Киім
Дидактикалық міндет. Мезгілдік киімнің ерекше белгілері
туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ойын барысы:
1. «Не жоғалып кетті?» Балалардың алдына бірнеше (3-5)
киімдер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша балалар
special-edu.kz. special-edu.kz.
теріс қарайды немесе көздерін жұмады. Мұғалім бір затты
алып тастайды. Балалар ненің жетіспейтінін аңғаруға тиісті.
2. «Не өзгерді?» Балалардың алдына бірнеше (3-5)
киімдер белгілі бір тәртіп бойынша қойылады. Балалар
олардың дәйектілігін есте сақтаулары керек. Мұғалімнің
сигналы бойынша балалар теріс қарайды немесе көздерін
жұмады. Мұғалім екі киімнің орнын ауыстырады. Балалар
ненің өзгергенін аңғаруға тиісті?
«Тірі табиғат» тақырыпшасы
Бұл ненікі екенін тап
Дидактикалық міндет. Жабайы жануарлардың ерекше
special-edu.kz. special-edu.kz.
белгілері туралы түсініктерді қалыптастыру.
Ойын барысы. Мұғалім қандай да бір жабайы жануардың
дене бөліктерінің сөздік сипаттамасын береді. Балалар
сипаттамасы бойынша сөз қандай жануар туралы болып
отырғанын табуға және оған сәйкес суретті көрсетуге
міндетті.
Мысалы: Мынау үлпілдек құйрық ненікі? (Тиіндікі)
Мынау үлпілдеген ақ құйрық ненікі? (Қояндікі)
Ұзын құлақ ненікі? (Қояндікі).
Не жылдам?
Дидактикалық міндет. Жабайы және үй жануарларын
special-edu.kz. special-edu.kz.
жіктеу түсініктерін қалыптастыру.
Ойын барысы. Ересек адам балалардың алдына әртүрлі
жабайы және үй жануарлары бейнеленген суреттерді қояды
және оларды белгілі бір тәртіпте, яғни үй жануарларын үйдің
45