Page 42 - 9.4
P. 42

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

                «АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ» ПӘНІ БОЙЫНША
              ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІН
                              МОНИТОРИНГІЛЕУ


            Кез  келген  басқа  пәндер  сияқты  «Айналадағы  әлем»
          курсының әрбір тақырыбын аяқтағанда да оқытылған тақырып
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бойынша  оқуда  жеткен  жетістіктерді  мониторингілеуді
          ұйымдастыру қажет.
            Оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауда төмендегі
          өлшемдер есепке алынады:
            1)  заттық-мазмұндық  –  білімнің  толықтылығы,
          жалпыланғандылығы, дұрыстығы, саналылығы;
            2) мазмұндық-әрекеттілік – білімнің нықтылығы, әсерлілігі,
          ойлау операциялары, әлеуметтік заттық, зерделік, жалпы
          оқулық икемділіктер;
            3) дара жекетұлғалық – танымдық белсенділік, дербестік,
          оқудың уәжі;
            4) әлеуметтік-бейімдеушілік – алған білім мен дағдыларды
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          әдеттегі өмірде қолданудағы саналылық және сәйкестік.
            Мұғалім  оқушылардың  өздігінен  орындауға  арналған
          тексеру және бақылау тапсырмаларын алдын ала әзірлеуге
          міндетті. Оқушы жеке-дара жұмыстарды «Не істеу керек?»
          және «Қалай істейді?» дегендерді түсінгенде ғана өздігінен
          орындай алады. Тапсырманы орындауда сұрақтары және
          қиындықтары  жоқ  оқушыларға  тапсырманы  өздігінен
          орындауға  кірісуге  болады.  Егер  оқушы  тақырыпты
          меңгергенде қандай да бір қиындықтарға кездессе, онда
          мұғалім ол қиындықты талқылауға міндетті.
            Балаларда  кезескен  қиындықтар  мен  сұрақтарды  екі
          бағытта талдауды ұсынады.
            Егер бұл жағдай оқушылардың басым бөлігінде байқалса,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          онда  бұл  қиындыққа  оқу  үдерісінің  себепші  болғанын
          білдіреді.  Мұғалім  бұл  кемшілікті  жеңу  үшін  сабақты
          байқалған  қиындықтар  мен  сабақты  жетілдіру  жолын
          анықтау тұрғысынан талдауға міндетті.


          40
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47