Page 43 - 9.4
P. 43

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             Егер қиындықтар кейбір жеке оқушыларда ғана туындаса,
           онда бұл мәселе оқушының әрекетіне, оның тұлғалық немесе
           танымдық мүмкіндігіне байланысты туындағанын білдіреді.
           Мұғалім бұндай жағдайда баланың оқудағы қиындығы мен
           оның өмірінің жеке ерекшеліктерін зерттеуге тиісті. Оқушыға
           қандай жеке көмек көрсету қажеттілігін анықтауға міндетті.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             Қиындықтарды жеңгеннен кейін оқушылар соған ұқсас
           тапсырмалармен  жеке  жұмысын  жалғастырады  және
           бұл кезеңді өнімді әрекеттерге қажетті икемділіктер мен
           дағдыларды жетілдіргенше өткізе береді. Балаларда ешбір
           қиындықтар байқалмаған кезде ғана олар тақырып бойынша
           бақылау тапсырмасын алады.


                      ҰСЫНЫЛАТЫН ЖАБДЫҚТАНДЫРУ
             1.  Зерде  даму  бұзылыстары  бар  арнайы  мектептің
           0-сыныбына арналған «Айналадағы әлем» пәні бойынша
           оқулық (әрбір оқушыға).
             2.  Зерде  даму  бұзылыстары  бар  арнайы  мектептің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           0-сыныбына арналған «Айналадағы әлем» пәні бойынша
           №1 және №2 жұмыс дәптерлері (әрбір оқушыға).
             3. Жұмыс дәптеріне арналған әдістемелік құрал (мұғалімге
           арналған).
             4. Ауа райының қабырғалық күнтізбесі.
             5. Сюжеттік және заттық суреттер (көрсетімділік және
           үлестірмелік).
             6. Табиғи материалдар (бүрлер, емен жаңғағы, тұқымдар,
           ағаштардың бұтақтары, тастар, ағаштар мен бұталардың
           және т.б. жапырақтары).
             7.  Көкөністер,  жемістер,  жидектер  (нақпішіндер  және
           табиғи).
             8. Балығы бар аквариум.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             9. Бөлме өсімдіктері.
             10. Гербарий.
             11. Оқу бейнефильмдері.
             12. Компьютерлік дамыту бағдарламалары.

                                                                          41
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48