Page 5 - 1.5
P. 5
special-edu.kz.
special-edu.kz.
КІРІСПЕ
special-edu.kz. special-edu.kz.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі – балалардың
сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда
әр баланың тілін, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру
қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым-қатынас
ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ,
сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи
қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.
Сол себепті жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың
сауатын ашу жұмысы 0-сыныпта дыбыстармен танысудан
басталады. Фонетикадағы дыбыстарды дұрыс қабылдамаған
және айтылуын білмеген бала сөзді сезінбейді, түсінбейді.
Ол үшін сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Сонда ғана сөздің мазмұнын эмоция, ым-ишарат, бейне
арқылы түсінеді.
Пән бойынша күнделікті білім беру үдерісінің мазмұны
оқу мақсаттарына бағынады және білім алушылардың
меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу
процесінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен
пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол
жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған және білім
алуға ынталандырады.
Оқу-әдістемелік кешен жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім
алушыларды сауат ашуға оқытудың Типтік оқу жоспары мен
жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес, сондай-ақ
special-edu.kz. special-edu.kz.
осы қарастырылып отырған санаттағы білім алушылардың
танымдық әрекетінің ерекшеліктерін есепке ала отырып
құрылған. Ол оқулықты, білім алушыға арналған жұмыс
дәптерді және осы әдістемелік құралды қамтиды.
3