Page 6 - 1.5
P. 6
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Оқу-әдістемелік кешенін жеңіл ақыл-ой кемістігі бар
білім алушыларды кез келген жағдайда: жалпы білім беру
мектебінің арнайы сыныбында да, сондай-ақ инклюзивтік
білім беру жағдайындағы әдеттегі сыныптарда да оқытуды
ұйымдастыруда пайдалануға болады.
0-сыныпта оқуды бастаған оқушылардың танымдық
special-edu.kz. special-edu.kz.
қабілеттері жағынан, сондай-ақ мектептің, балалар
ұжымының жаңа жағдайларына бейімделу мүмкіндіктері
жағынан да бір-бірінен айтарлықтай айырмашылықтары
болады. Сондықтан мұғалім сабақ барысында және сабақтан
тыс уақытта балалардың өмірлік тәжірибесін, білімді
меңгерудің жеке мүмкіндіктерін, дербестіктің қолжетімді
деңгейін зерттей отырып оларды бақылауға міндетті.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға оқыту
міндеттерін шешу үшін оқыту құралдарының, оның ішінде,
оқулық пен жұмыс дәптерінің үлкен маңызы бар. Сонымен
бірге мұғалім мектептік оқытуды бастаған, қарастырылып
отырған санаттағы оқушылардың танымдық дамуының
special-edu.kz. special-edu.kz.
кемшіліктеріне байланысты оқулық пен жұмыс дәптерінің
ерекше рөлі мен оларды пайдаланудағы белгілі бір
шектеуліктердің болатынын түсінуге міндетті.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі материалдар мөлшерленіп
пайдаланылады. Алдын ала заттық және сюжеттік
суреттердің мағынасын түсіндіруге арналған арнайы
жұмысты жүргізуді талап етеді. Мұғалім 0-сыныпта
оқушыларды оқулықпен жұмыс ережелеріне үйрету және
жазба жұмыстарын жұмыс дәптерінде, жазу дәптерінде
орындай білуді қалыптастыру үшін арнайы уақыт бөледі.
Әдістемелік құралда мұғалімге «Сауат ашу» пәні бойынша
оқу үдерісін жоспарлауға, сондай-ақ әрбір білім алушыға
special-edu.kz. special-edu.kz.
қолданылатын сараланған тәсілді ойлау және жүзеге асыру
үшін негіз болатын оқушылардың жетістіктерін ағымды
бақылауды ұйымдастыруға арналған ұсынымдар берілген.
4