Page 11 - 1.5
P. 11
special-edu.kz.
special-edu.kz.
сабақты шығармашылықпен өткізуіне көмектеседі. Кейбір
материалдар, суреттер мұғалімге тақырыптық-көріністік
немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға бағдар береді.
Оқыту үдерісіне ойын элементтерін енгізу зерде даму
бұзылыстары бар балалар үшін сабақтарды қызықты,
тартымды етуге көмектеседі.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Оқулық пен жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар күрделілік
деңгейі бойынша бірдей емес. Тапсырманың күрделілік
деңгейінің шартты белгілері бар. Түрлі түсті дөңгелектер
шартты белгі ретінде пайдаланылған.
Жасыл дөңгелек күрделіліктің бірінші (төменгі) деңгейін
білдіреді. Бұл тапсырмаларда білім алушыдан мұғалімнің
сөзін тыңдау, оның атаған зат пен нысанның суретін немесе
сюжеттік суретті тану және көрсету талап етіледі.
Сары дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің екінші
деңгейін, яғни оқушының оқулықтың материалдарының
өзара қатынасын түсінуін және мұғалімнің айтқанын
special-edu.kz. special-edu.kz.
қайталай отырып, үйретілген айтылымдарды өз сөйлеу
тілінде пайдалана білуін білдіреді. Қойылған сұрақтардың
мағынасын түсініп, бір-екі сөзбен жауап бере алады.
Қызыл дөңгелек оқу тапсырмасының күрделілігінің үшінші
деңгейін, яғни иллюстрацияларда бейнеленген нысандарды
атау, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты
түсіну, заттар мен нысандардың қасиеттерін талдау,
салыстыру және тұжырымдау әрекеттерін орындағанда
белгілі бір дербестікті білдіреді. Кітаптағы иллюстрациялар
бойынша өз сөзімен әңгімелеп беруге талпынады. Қойылған
сұрақтарға толық жауап береді.
Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың күрделілігін
special-edu.kz. special-edu.kz.
баланың әртүрлі әрекеттердегі жетістіктерін бақылау
негізінде таңдайды. Мұғалім оқушыға арналған тапсырманың
күрделілігін 1-деңгейден 3-деңгейге дейін біртіндеп
дәйектілікпен арттырады. Алайда мұғалім күрделіліктің
9