Page 14 - 1.5
P. 14

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                  ЗЕРДЕ ДАМУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР БІЛІМ
                  АЛУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕМЕСІНІҢ
                                 ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

            Сауат ашудың басты мақсаттарының бірі балалардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде
          тілдік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады. Осы
          мақсатты жүзеге асыру үшін балалардың тілдік құзыреттілігін
          қалыптастыру  жолдарына  баса  назар  аудару  қажет.
          Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына
          тілдік жаттығулар, саусақ ойындары, сондай-ақ мағынасы
          түсінікті, жаттатуға жеңіл өлең жолдары, жаңылтпаштар
          мен  тіл  ұстарту  жаттығулары  жатады.  Жаттығуларды
          жүйелі  қолдану  ана  тілінің  ережелері  мен  нормаларын
          игеруге, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін
          қалыптастыруға көмегін тигізері анық.
            Зерде даму бұзылыстары бар балаларды сауат ашу пәні
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бойынша оқыту кезінде сабақтарға қойылатын талаптар:
            – сабақты түзете дамыту, тәрбиелеу және білім беру
          міндеттеріне сәйкес жоспарлау;
            – сабақ үдерісіндегі бала әрекетінің түрін ауыстыруды
          қамтамасыз  ететін  оқытудың  мазмұнын,  әдіс-тәсілдерін
          дұрыс таңдай білу;
            – әрбір сабақтың анықтығы және аяқталғандығы;
            – көрнекіліктерді сабақтың мазмұны мен оның міндеттеріне
          сәйкес пайдалану;
            – сабақ мазмұнының эмоциялық тұрғыда толықтығын
          қамтамасыз ету;
            –  сабақты  өткізу  үдерісіндегі  санитарлық-гигиеналық
          норманы сақтау.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Мұғалім білім алушыларды «Сауат ашу» пәні бойынша
          оқу-әдістемелік  кешен  материалдарымен  таныстырады.
          Сыныптағы тәртіп ережелерімен таныстырады. Мұғалім нақты
          мысалдар негізінде партаға қалай отыру, тақтаға қалай шығу,

          12
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19