Page 17 - 1.5
P. 17
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Арнайы білім беру мектептеріндегі «Сауат ашу» пәнін
оқыту барысында көрнекіліктерге зор көңіл бөлінеді. Әсіресе
төменгі сыныптарда көрнекіліктердің мәні зор. Ол жаңа
тақырыпты тереңірек түсінуге көмектеседі. Білім алушылар
көрнекіліктерді қолмен ұстап, көзбен көріп, қайталап айтып
отырғандықтан, олардың есте сақтау қабілеті дамып,
special-edu.kz. special-edu.kz.
білімі мен біліктілігі арта түседі. Суретті көрнекілік сауат
ашу сабақтарында жиі пайдаланылады. Бұған заттық
суреттер, кітап бетіндегі иллюстрациялар, сюжетті суреттер,
топтамалық суреттер, суреттік лотолар, суреттік сөздіктер
сияқты көрнекіліктер жатады. Суретті көрнекіліктің білім
алушылардың сөйлеу тілін дамытуға үлкен әсері бар. Сурет
тақырып мақсаттарына орай, білім алушыларға сөздерді
табуға, сөйлемдерді ойластыруға, жалпы сабақты меңгеруге
көмектеседі, сабақ оқуға деген қызығушылығын арттырады.
Сауат ашу сабағында пайдаланылатын көрнекіліктің
бірі – дидактикалық үлестірмелі парақшалар. Дидактикалық
парақшаларды пайдаланудың мына сияқты әдіс-тәсілдерін
special-edu.kz. special-edu.kz.
білген жөн: дидактикалық парақшаларда берілетін тапсырма
материалдардың мазмұны әртүрлі болуын талап етеді,
екіншіден, ол үлгерімі нашар білім алушылармен жұмыс
істеуге бөлек парақшалар әзірлеп, білім алушыларға
үлестіріледі. Сондай-ақ жолақшалар да сөз, буын,
сөйлемдерді құрастыруға, сөз, буын санын анықтауға
көмектеседі. Мысалы, әрбір сөз айтылған сайын бір жолақша
қойылып отырады. Соңында сөз саны анықталады, яғни
қанша жолақша болса, соншама сөз болады. Мұндай
жұмыс түрлері жаңа тақырыпты өту кезінде де, сондай-ақ
бір тақырыпты өтіп болған соң қайталау немесе бақылау
ретінде тиімді болады.
special-edu.kz. special-edu.kz.
Тыңдалым және айтылым. Сөйлеу тілінің жеткілікті
дұрыс дамуына фонематикалық есту қабілетінің тигізетін
әсері өте зор. Фонематикалық есту – дыбыстарды, сөздерді,
фразаларды анық, дұрыс айтуын қамтиды. Фонематикалық
15