Page 21 - 1.5
P. 21

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           тақпақты, жаттамақты оқымас бұрын, білім алушыларды
           осы  өлеңде  кездесетін  тірі  нысандармен  немесе  олар
           бейнеленген суреттермен, үлгілермен таныстыру қажет.
           Балаға  айтылатын  өлең  сөзі  оның  жеке  танымы,  жан-
           күйзелісімен байланысты таныс болуға тиісті. Бұл аталған
           сөздік жаттығулардың басты мақсаты – білім алушылардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           сөйлеу  белсенділігін  дамыту,  тақпақтағы,  жаттамақтағы
           сөздерді қимылмен сәйкестендіруге, сөз мағынасын түсінуге,
           сөзді дұрыс айтуға үйрету.
             Оқылым. «Сауат ашу» пәні сабақтарында білім алушылар
           оқулықта, жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалар мен
           мәтіндерді оқи алмайды. Олар мұғалімнің оқығанын тыңдап,
           соған сәйкес әрекет жасайды. Алайда олардың ұғымына сай
           келетін сөздер беріле бастайды. Бастапқыда айтылған сөздің
           мағынасын түсінуге, содан кейін балалардың бағдарлама
           талаптарын меңгеру деңгейіне қарай сөздегі дыбыстардың
           саны мен бірізділігін анықтауға үйретеді. Дыбыстық талдау
           жасайды. Дыбыстардың мағына ажыратушылық функциясын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           түсінеді. Сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы
           түсініп тани біледі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын
           анықтайды). Сөздің мағынасын, сөйлемнің мәнісін түсінеді.
             Сауат  ашудың  негізгі  белгісі  –  сөз, сондықтан  сөзбен
           жүргізілетін жұмыс түрлеріне үлкен көңіл бөлінуге тиісті:
              1. Сөздік жұмыс – берілген сөздердің мағынасын түсіндіру,
           түсініп қабылдауға үйрету, жаңа сөздерді үйрету арқылы
           баланың сөздік қорын дамыту, әрбір сабақта бағдарламада
           берілген сөздермен жұмыс жүргізу.
             2. Сөйлем құрастыру – сөздерді бір-бірімен байланысты-
           рып,  сөйлеу  тілі  арқылы  баяндауға  үйрету.  Суреттер
           бойынша сөйлем құрастыру.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             3. Сұрақ-жауап, диалогтік сөйлеуге үйрету.
             Сөздік  жұмыс  сабақтың  барлық  кезеңінде  жүргізіледі.
           Сауат ашу пәнін оқытқанда, баланың жалпы ой-өрісін, есту
           қабілетін, сөйлеу тілін дамытуға көп көңіл бөледі. Осы кезеңде


                                                                          19
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26