Page 18 - 1.5
P. 18
special-edu.kz.
special-edu.kz.
естудің арқасында сөздің лексикалық және грамматикалық
мағынасы меңгеріледі.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың
фонематикалық есту қабілеті мен дыбыстық талдау мен
синтездеу қабілетінің бұзылуына байланысты, олар оқу және
жазу дағдыларын меңгеруде айтарлықтай қиындықтарға
special-edu.kz. special-edu.kz.
кездеседі. Білім алушылар акустикалық жағынан ұқсас
фонемаларды қиындықпен саралайды, сол себепті олар
әріптерді де естерінде сақтай алмайды, үнемі әріпті әртүрлі
дыбыстармен сәйкестендіреді. Басқаша айтқанда, әріпті
дыбысқа және дыбысты әріпке кодтау және қайтадан кодтау
жүйесінің бұзылуы байқалады. Талдау мен синтездеудің
жетілмеуі сөзді құрамдық бөліктерге бөлуге, әрбір дыбысты
анықтауға, сөздің дыбыстық қатарын табуға, екі немесе одан
да артық дыбыстардың буынға тоғысу қағидасын меңгеруде
қиындық тудырады. Дыбысталудың бұзылуын фонетикалық
талдау кемшіліктері де тереңдете түседі.
Білім алушыларды қарым-қатынаста сөйлеуге, әрекетті
special-edu.kz. special-edu.kz.
айта отырып орындау арқылы ойын дұрыс жеткізуге үйрету
олардың жалпы даму деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік
туғызады. Сонымен бірге мұндай жұмыс сөйлеу тілі толық
жетілмеген, сөйлеуінде кемшіліктері бар балаларды
анықтауға жәрдемін тигізеді. Осындай жұмыс барысында
білім алушылардың ойлау жүйесінің даму деңгейі туралы
да белгілі бір сипаттама алуға болады.
Зерде даму бұзылыстары бар білім алушылар, ең алдымен,
әрекеттерді сөздік нұсқаулар бойынша орындау кезінде
қиналады. Бұл жерде оларды іс-әрекеттің орындалуы емес,
оның қалай орындалуын анықтап, жағдайды талдау, нұсқаудың
талаппен арақатынасы, істі неден бастау керектігі және тағы
special-edu.kz. special-edu.kz.
басқаларды ойлау жүйесі қызметінің күрделілігі қинайды.
Бұндай білім алушылар жиі жағдайда топтастыру
бойынша жаттығуларды, артық төртіншісін таңдап
алу, жалпылама сөздерді іріктеп алу және танымдық
16