Page 16 - 1.5
P. 16

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          орындар  алдында  балаға  оның  дәйектілігі  мен  мүмкін
          болатын нәтижесін дауыстап айтуды ұсыну керек. Есіңізде
          болсын,  жоғарыда  айтылғандай,  күрделіліктің  барлық
          деңгейі білім алушылардың барлығына бірдей қолжетімді
          болмауы мүмкін. Білім алушының өз мүмкіндігіне сәйкес
          оқу материалымен, мысалы, күрделіліктің бірінші деңгейінің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          материалдарымен ғана жұмыс істеу құқығы бар.
            Мұғалім  материалдың  көлемін  өздігінен  анықтап,
          ұсынылған тапсырманы білім алушының мүмкіндігіне сәйкес
          басқа тапсырмаға ауыстыра алады.
            Бір сабақта алынған білімді, икемділік пен дағдыларды
          бекіту мақсатында келесі сабақтар өткен оқу материалдарын
          бірнеше рет қайталауды есепке ала отырып жоспарланады.
          Әрбір сабақта өткен сабақ материалдарын қайталау үшін
          арнайы уақыт бөліңіз. Бұл дағдыларды бекіту үшін қажет
          болады.
            Сабақ  барысында  білім  алушылардың  жағдайын
          бақылаңыз,  қатты  шаршауға  жол  бермеңіз.  Әрекеттің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          әртүрлі  түрлерін  кезектестіріп  отырыңыз,  сергіту  сәтін
          ұйымдастырыңыз. Сынып бөлмесінің әртүрлі бөліктерінде
          орындалатын жұмыстарды ұсыныңыз.
            Жаңа түсініктермен таныстырғаннан кейін, оларды одан
          әрі бекіту мақсатында әртүрлі экскурсиялар (мектеп ішінде,
          мектеп ауласында, шеберханаларда) ұйымдастырыңыз.
            Білім  алушылардың  ерекшеліктері  мен  олардың
          мүмкіндіктерін зерттеп, бақылап отыру сіздің міндеттеріңіздің
          бірі  болып  табылатынын  ұмытпаңыз.  Бұл  үшін  бақылау
          тәсілін пайдаланыңыз. Білім алушының сіздің әрекетіңізді
          қайталайтынын және нұсқауды орындайтынын ғана емес,
          сондай-ақ олардың аяқ астынан болатын өздік әрекеттерін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          де бақылаңыз. Бұл бақылаулар сабақта көрсетілетін жеке
          көмек түрін ойластыруға және жүзеге асыруға көмектеседі.
          Сонымен бірге артық көмектің баланың дамуы мен оқуына
          бөгет жасайтынын да есте ұстаңыз.


          14
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21