Page 19 - 1.5
P. 19

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           қызметінің ерекшеліктерін анықтау үшін ұсынылған басқа
           тапсырмаларды орындау кезінде жиі қателеседі.
              0-сыныпта білім алушылар «сөйлем», «сөз», «буын»,
           «дыбыс»,  «дауысты  дыбыстар»,  «дауыссыз  дыбыстар»
           терминдерімен танысады. Балалар сурет бойынша сөйлем
           құрауға үйренеді. “Не қалай дауыстайды?” деген сұраққа
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жауап беріп, сөйлемдегі сөздің санын, ретін анықтайды,
           сөздегі дауысты дыбыстардың орнын анықтайды.
             Сауат  ашу  кезеңі  дауысты  дыбысты  таныстырудан,
           яғни  «А»  дыбысынан  басталады.  «А»  дыбысы  сауат
           ашудың басы болғандықтан, сауат ашуға дейінгі кезеңде
           өткен материалдар қайталанады. «А» дыбысымен толық
           таныстырылып, оның дұрыс айтылуына мән беріледі де,
           оқушылардың  назары  «А»  дыбысының  сөздің  басында,
           ортасында, аяғында келуіне аударылады. Оқушылар сурет
           бойынша  әңгіме  құрастырады.  Сөзді  буынға  бөлу  (қол
           шапалақтау,  сылдырмақты  ұру  және  т.б.),  сөзді  хормен
           және жекелеген білім алушыға айтқызу сияқты жұмыстар
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           жүргізіледі. Дыбыстың артикуляциялық дұрыс айтылуына
           мән  беріледі.  Мысалы,  «А»  дыбысын  айтқанда,  дауыс
           созылып еркін шығады. Себебі, «А» дыбысы – дауысты
           дыбыс. «А» дыбысын айтқанда, ауыз кең ашылып, тілдің
           ұшы сәл көтеріледі. Сондай-ақ бағдарлама бойынша «У»,
           «И» дыбыстарына да арнайы тоқталып, олармен танысуға
           бірнеше  сабақтар  арналады.  0-сыныпта  бағдарламада
           көрсетілген  дыбыстармен  ғана  танысады,  оларды
           әріптермен  сәйкестендірмейді,  алайда  біз  оқулықта
           дыбыстардың  әріптік  таңбасында  ұсындық.  Балалардан
           дыбыстардың әріптік таңбасын білу талап етілмегенімен,
           балалардың көздері үйрене берсін деген оймен олардың
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           әріптік таңбаларының суретін беруді жөн көрдік.
             Жоғарыда айтылып өткен ерекшеліктеріне байланысты
           зерде даму бұзылыстары бар білім алушылдар сөздің ретін
           үйлестіру  нормаларын  бұзбай  сөйлем  құрай  алмайды.


                                                                          17
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24