Page 15 - 1.5
P. 15
special-edu.kz.
special-edu.kz.
мұғалімге қалай өтінішін білдіру, берілген сұрақтарға қалай
жауап беру, сыныпқа кірген ересек адамдарды қалай қарсы алу
керектігін және т.б. ережелерді түсіндіреді. Сондай-ақ мұғалім
жақсы оқу үшін не істеу керектігі туралы әңгіме өткізеді. Білім
алушыларға оқу құралдарын қалай орналастыру керектігін
және оларды қалай қолдану (оқу құралдарын ұқыптылықпен
special-edu.kz. special-edu.kz.
алып шығу, қайтадан салу, таза, ұқыпты пайдалану және т.б.)
керектігі туралы айтады және көрсетеді. «Менің мектебім»
тақырыбы бойынша сабақ материалдарына қойылатын
сұрақтарға қоса білім алушылардың сыныпта өздерін қалай
ұстау керектігі, тақтаға қалай шығу керектігі туралы және т.б
ережелер үнемі қайталанып, нақтыланып отырады.
Оқытудың жетекші тәсілі ретінде – көрсетуді, әрекетті
көрсетуді және нені көрсетіп тұрғаныңыз туралы түсіндірмені
пайдаланыңыз. Білім алушылар сіздің әрекетіңізді, сөзіңізді
және айтылған сөз тіркестерін қайталауға талаптануға
тиісті. Сіздің нұсқауыңызда бір әрекет қана көрсетілуі
керек. Сіз балаларды қарапайым тұжырымдамалар
special-edu.kz. special-edu.kz.
мен қорытынды жасауға итермелей отырып, олардың
әрекеттерін кезең-кезеңмен басқаруға міндеттісіз. Бірінші
кезеңде әрекеттерді ұжымдық орындау және хормен
жауап беру пайдалы болады. Бұл білім алушынының
зейінін әрекетке шоғырландыруға көмектеседі. Олардың
қазір не істейтіні туралы қайталауларын өтінуге болады.
Содан кейін бұл әрекеттің қалай орындалатынын көрсетіңіз
де, білім алушыларға әрекетті сізге еліктей отырып
орындауларын ұсыныңыз. Әрекетті орындау барысында
өзі орындай алмаған білім алушыларға көмек көрсетіңіз.
Жұмыс соңында білім алушылардан олардың қазір не
істегендері, неге үйренгендері туралы сұраңыз. Білім
special-edu.kz. special-edu.kz.
алушыға арналған тапсырманың күрделілігін оның әртүрлі
әрекеттегі табыстылығын бақылау негізінде таңдаңыз.
Әрбір білім алушыға арналған тапсырмалардың күрделілігін
біртіндеп, бірізділікпен арттырыңыз. Қандай да бір әрекетті
13