Page 12 - 1.5
P. 12

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          барлық деңгейінің әрбір оқушы үшін қолжетімді болмауы
          мүмкін екенін есте сақтауы керек. Оқушы өзінің мүмкіндігіне
          сәйкес оқу материалымен, мысалы, күрделілігі 1-деңгейдегі
          материалмен ғана жұмыс істеуге құқығы бар.
            0-сыныбындағы  сауат  ашу  сабақтарында  білім
          алушылардың  сөздегі  дыбыстарды  мұқият  тыңдап,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          олардың  бірізділігін  түсінулері  маңызды.  Талданатын
          сөздер екі дыбыстан басталып, біртіндеп үш-төрт дыбыстан
          құралады,  яғни  бірте-бірте  күрделенеді.  Дыбыстарды
          белгілейтін шартты белгілермен таныстырылады. Дауысты
          дыбыстар  қызыл  текшемен,  дауыссыз  дыбыстар  көк
          текшемен белгіленеді. Дауысты дыбыстардың ерекшелігі –
          созып  айтуға  болатындығында.  Дыбыстық  талдау  білім
          алушыларды  сауатты  жазуға  дайындайды.  Әртүрлі
          дыбыстық, буындық құрылымдық сөздерді талдау сауат ашу
          кезеңінде жалғаса береді. Балаларда дауысты, дауыссыз
          дыбыстар  мен  әріптердің  өзара  байланысы  және  буын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          туралы түсініктер қалыптасады.
            Сабақты  түрлендіріп,  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді,
          ойын  элементтерін  пайдаланып  өткізуде  мұғалімнің
          шығармашылығы  басты  рөл  атқаратынын  естеріңізге
          салғымыз келеді.
            Есіңізде болсын, оқулық зерде даму бұзылыстары бар
          0-сынып оқушылары үшін білім көзі болып табылмайды.
          Оқулықты әрбір тақырып бойынша сабақтар жүйесінде білімді
          бекіту және икемділік пен дағдыларды жетілдіру кезеңдерінде
          ғана  пайдаланыңыз.  Оқулықта  бағдарлау,  оларды
          ұқыптылықпен  пайдалану,  оқулықтың  иллюстрациялық
          материалдары  мен  тапсырмаларын  түсіну  дағдыларын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          қалыптастыру  үшін  арнайы  сабақ  уақытын  бөліңіз.  Оқу
          мен  жазуға  үйрету  бірге  жүргізіліп  отырады.  Мұғалім
          балаларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сонымен бірге
          өз жұмыстарына баға беріп, қорытынды жасай білуге үйретуі


          10
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17