Page 8 - 1.5
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

            – қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы
          салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;
            –білім  алушылардың  сөйлеу  тілін,  байланыстырып
          сөйлеу  тілін  дамыту,  оны  әртүрлі  терминдермен  және
          айтылымдармен  байыту,  өзінің  әрекетін  айтып  отыруға,
          тапсырманы орындау туралы сөздік есеп беруге үйрету;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            – білім алушылардың көрнекілік-әрекеттік және көрнекілік-
          бейнелік  ойлауын,  ойлау  операцияларын  (талдау,
          салыстыру, қорытындылау, жіктеу) дамыту;
            – арнайы оқыту қағидаларын басшылыққа алу;
            – сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктері туралы түсінік
          беріп  меңгерту,  яғни  сөздегі  дыбыстарды  дұрыс  айтуға
          үйрету;
            – алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас
          тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға
          үйрету;
            –  жазуға  үйрету  талаптарын,  саусақ  жаттығуларын
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          орындату;
            – әрбір білім алушының жеке басының ерекшелігін ескере
          отырып жеке дара жұмыс жүргізу;
            –  оқу  сабақтарына,  басқа  білім  алушылармен  және
          ересектермен өзара әрекеттенуге деген қызығушылығы мен
          белсенділігін дамыту;
            – туған тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне
          деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік
          қасиеттерді қалыптастыру;
            – коммуникативтік дағдыларын (диалог барысында басқа
          адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа
          қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық
          жеткізе білуін) қалыптастыру;
            – оқушыны өз іс-әрекетін адамгершілік, ізгілік тұрғысынан
          ұйымдастыруға және жауапкершілікпен  қарауға тәрбиелеу.


          6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13