Page 7 - 1.5
P. 7

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


                     «CАУАТ АШУ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ
                         МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

             0-сыныпта сауат ашудың жүйеленген курсын оқытудың
           дайындық  кезеңі  басталады.  Сауат  ашу  арқылы  білім
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           алушының  танымдық  белсенділігі,  қоршаған  ортамен
           қарым-қатынасы  дамиды.  «Сауат  ашу»  пәні  оқу,  жазу
           дағдыларының негізін қалайды, фонетикалық есту қабілетін
           дамытады, дыбыстарды ажырата білуге, дыбысты, буынды,
           сөзді, сөйлемді ажыратуға үйретеді.
             «Сауат ашу» пәнінің мақсаты – білім алушыларды оқуға,
           жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің
           түрлерін  (айтылым,  тыңдалым,  жазылым  және  оқылым)
           меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін
           жеткізе алуға тәрбиелеп, білім алуға ынталы жеке тұлғаның
           дамуына  мүмкіндік  жасау.  Осы  мақсатты  шешу  үшін
           төмендегідей міндеттер жүзеге асырылады:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             –  білім  алушылардың  даму  ерекшеліктерін,  жас
           ерекшелігін анықтау;
             – білім алушыларда бар қарапайым түсініктерді анықтау;
             –  сабақта  жалпы  жұмысты  ұйымдастыруға  мүмкіндік
           беретін  балалар  ұжымындағы,  сабақтағы  (тыңдай  білу,
           мұғалімнің талабын, өтінішін орындау, мұғалімнің артынан
           заттармен  әрекетті  және  сөздерді  қайталау,  сұрақ  қою,
           сұрақтарға жауап беру және т.б.) тәртіп ережелерін, жалпы
           оқу икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру;
             – білім алушылардың танымдық әрекетінің кемшіліктерін
           өтеуге көмектесу, оларда жағымды эмоциялық-ерік және
           жекетұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             –  тілдік  бірліктер  (дыбыс,  буын,  сөз,  сөйлем)  туралы
           қарапайым түсініктерді меңгерту;
             – білім алушылардың қоршаған орта, дүниетаным туралы
           (адам, табиғат) түсініктерін қалыптастыру;


                                                                           5
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12