Page 10 - 1.5
P. 10

special-edu.kz.
 special-edu.kz.


             ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ
                         ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

            Оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген оқу материалы
          жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  оқушыларға  арналған  сауат
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ашу  бойынша  Типтік  оқу  бағдарламасының  мазмұнына
          сәйкес.  Сауат  ашуға  оқыту  оқу-әдістемелік  кешені  білім
          алушылардың  танымдық  үдерістерін  дамытуға  жағдай
          тудырады. Оқулық пен жұмыс дәптерінің басты міндеті –
          зерде даму бұзылыстары бар білім алушылардың меңгеретін
          материалды оң әсермен қабылдауға ықыласын арттыру.
            Сол  себепті  балалардың  оқуына  арналған  барлық
          оқу  құралдары  әдемі  безендірілуге,  суреттің  бояулары
          қанық болуға тиісті. Сабақтың әрбір тақырыбының әдемі
          бояулармен айшықталуы орынды. Өйткені ол дидактикалық
          немесе  әдістемелік  рөл  атқарады.  Оқулық  пен  жұмыс
          дәптерінде берілген тапсырмалар мен мәтіндерді мұғалімнің
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          өзі оқиды, тапсырмалардың толық және деңгейленіп беруі
          ата-аналарға  балаларды  оқытуға  көмектесуге  мүмкіндік
          береді.  Балалар  мектепке  әртүрлі  дайындықпен  келеді.
          Көбінесе ата-ана баланы оқуға, санауға, жазуға үйретуге
          көңіл  бөледі.  Алайда  дамуында  ерекшеліктері  бар
          балалардың қабылдау, зейін қою, есте сақтау, ойлау секілді
          танымдық қабілеттерін дамыту өте маңызды болады.
            Оқулықтағы  және  жұмыс  дәптеріндегі  суреттердің
          көпшілігі жеке сабақтың, нақты тақырыптың қандай да бір
          тапсырмасына  бағыныңқы,  олар  баланың  қабылдауына
          жеңіл әрі көрнекі түрде берілген, зейінді дамытуға, балада
          талдау жасау қабілетінің оянуына, қиялы мен елесін оятуға
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ықпал етуге көмектеседі деп ойлаймыз. Оқулық пен жұмыс
          дәптерінде өлеңдер, жұмбақтар, тіл ұстарту жаттығулары
          берілген, бұлардың барлығын бала меңгермеуі де мүмкін,
          алайда материалдардың жеткілікті көлемде болуы мұғалімге

          8
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15