Page 9 - 1.5
P. 9
special-edu.kz.
special-edu.kz.
«Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Оқу және тіл дамыту»
пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім
жүйесіне дайындық болып табылады. «Сауат ашу» пәнінің
маңыздылығы – білім алушыларды олардың өмірінде жаңа
пайда болған «жетекші әрекет» – оқу әрекетіне бейімдеу,
тұрақты зейіні мен жадын, логикалық ойлауы мен білім алуға
special-edu.kz. special-edu.kz.
деген қызығушылығын қалыптастырып, ой-өрiсiн жетiлдiру,
сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге үйрету
міндеттерін жүзеге асыруында. Сонымен қатар сөйлеу
әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым
түрлерін дамыту арқылы басқа пәндерді меңгертуге негіз
болуында.
special-edu.kz. special-edu.kz.
special-edu.kz. special-edu.kz.
7