Page 20 - 1.5
P. 20
special-edu.kz.
special-edu.kz.
Бұл жағдайда монологтік сөйлеу тілі нашар дамиды
(байланыстыру, бірізділікті сақтау, ойды ашық жеткізу).
Дамуында ерекшеліктері бар балаларды заттардың атына,
сипатына, қимылына байланысты сөздерді дұрыс пайдалана
білуге үйрету бағдарламада қарастырылған, сол себепті
балалармен сабақ үстінде ғана емес, сабақтан тыс уақытта
special-edu.kz. special-edu.kz.
да үнемі жұмыс жүргізіп отыру тиімді болады. Сондай-ақ
0-сынып білім алушыларын байланыстырып сөйлеудің
түрлеріне үйрету қарастырылады. Сюжеттік суреттерге
қарап әңгімелесу; сауат ашу оқулығы мен дәптерінің
иллюстрациялары бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру;
тыңдаған мәтіндерге байланысты сөйлемдер құрауға
үйретеді. Бұл аталғандар монологтік тілдің дамуына оңды
ықпал етеді. Диалогтік тілмен жұмыс анық, түсінікті, мәнерлі
сөйлеудің қалыптасуына әсерін тигізеді. Ол балаға үйреншікті
күнделікті өмірде, отбасында, құрбыларымен ойын барысында
жүзеге асады. Диалог болу үшін сұраққа сөзбен жауап беру
керек болады. Сауат ашу сабақтары барынша қызық өтсе,
special-edu.kz. special-edu.kz.
білім алушылардың тілдік белсенділігі де соншалықты
жақсы дамиды. Бала сөзбен ойнай отырып ана тілін түсіне
бастайды, оның құрылымын меңгереді, сөйлеуге үйренеді.
Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі жаттамақтардың барлығы
диалог түрінде берілуі де осыдан. Дидактикалық ойындарды
пайдалану, сүйікті кейіпкерлерімен кездесу сабақтардың
тиімділігін арттырады. Білім алушылардан мүмкіндігінше
бірінші күннен анық, дұрыс сөйлеуді талап ету керек.
Оқулық пен жұмыс дәптерінде тақпақтар, тіл ұстартуға
арналған шумақтар, жұмбақтар берілген. Мұғалім баланың
зерде даму деңгейін бағалай отырып, олар үшін қолжетімді
материалды жаттауды ұсынуға болады. Бала өз мүмкіндігіне
special-edu.kz. special-edu.kz.
қарай бір шумақты емес, бір жолды жаттаса да, оны
мадақтап, көтермелеуді ұмытпау керек. Ол оның ынтасын
арттыра түседі. Балалар ұқсас сөздерді, олардың айтылуын
ерекше қабылдайды. Сол себепті қандай да болмасын
18