Page 25 - 1.5
P. 25

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

           ойындары әр бала үшін қызықты әрі пайдалы. Оқулықта
           әрбір  ортақ  тақырыптың  соңында  саусақ  жаттығулары
           берілген.  Ойынды  бастар  алдында  баламен  бірге  оның
           мазмұнын талқылап, осы орайда қажетті ым-ишарат, саусақ,
           қимыл үйлесімділігін игеруге болады. Саусақ жаттығуларын
           бастамас бұрын дайындық жұмысы жүргізіледі. Алдымен,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           алақанды  жылуды  сезінгенге  дейін  жеңіл  сипай  отырып
           қыздырады. Барлық жаттығулар 3-5 рет жай қарқынмен,
           алдымен оң қолымен, содан соң сол қолымен, кейін екі
           қолмен бірге орындалады. Жаттығуларды балалармен бірге
           орындаңыз, осы жерде өзіңіздің де ойынға еліктегеніңізді,
           қызыққаныңызды көрсете біліңіз. Жаттығуларды орындау
           барысында мүмкіндігіңізше қолыңыздың барлық саусақтарын
           қатыстырыңыз. Бір қимылдан екінші қимылға ауыстыру үшін
           қол білезігін дұрыс қоя білуіне көңіл бөліңіз. Балалардың
           барлық жаттығуларды жеңіл, қол бұлшық еттеріне шектен
           тыс  күш  түсірмей  орындауларына  көңіл  бөліңіз.  Бұл
           жаттығулар оларды шаттық сезімге бөлеуге тиісті. Барлық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           нұсқаулар  сабырлы  дауыспен,  артық  сөз  қолданылмай,
           нақты  беріледі.  Қажет  болса,  балаға  көмек  көрсетіледі.
           Ойынды  қайталап  өткізу  барысында  оқушылар  кейде
           мәтінді үзік-үзік (әсіресе сөйлемнің басы мен соңын) айта
           бастайды.  Біртіндеп  мәтінді  жатқа  айтады  және  сөзді
           қимылмен сәйкестендіріп тұтас айтатын болады. Екі немесе
           үш  жаттығуды  орындаған  соң,  біртіндеп  оларды  жаңа
           жаттығулармен алмастырыңыз. Ең ұнамды, ұтымды ойынды
           оқушылардың қалауына қарай қайта ойнауға болады. Жеңіл
           ақыл-ой кемістігі бар оқушыдан бірнеше күрделі міндетті
           бірден шешуді (мысалы, қимыл мен көрсету және мәтінді
           айту) талап етпеңіз. Аталған санаттағы білім алушының зейін
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           көлемі шектеулі, орындауы мүмкін болмайтын талаптар
           білім  алушының  ойынға  деген  қызығушылығын  жояды.
           Білім  алушыны  жаттығуды  орындауға  мәжбүрлемеңіз.
           Жаттығуды орындаудан бас тарту себептерін анықтауға


                                                                          23
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30