Page 22 - 1.5
P. 22

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          баланың сөйлеу тілін дамыту үш түрлі жағдайда жүргізіледі:
          сөздік жұмыс, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге
          үйрету. Сөздік жұмысты жүргізе отырып, балаға оқыған сөздің
          мағынасын түсіндіру қажет. Мағынасын түсінгеннен кейін
          берілген жаңа сөздермен есту қабілетін дамытып отырған
          жөн. Есту қабілетін дамыта отырып баланың сөздік қорын,
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          сөз байлығын да арттыруға болады. Суреттер бойынша
          сөйлем құрастырып, дұрыс сөйлеуге үйрету қажет. Сауат ашу
          сабағында баланың жалпы білімін, ойлау қабілетін, сөйлеу
          тілін дамытуға арналған сөз, сөйлем, мәтін баланы саналы
          түрде тәрбиелеуге бағытталуы қажет. Талдауға арналған
          жеке сөйлемдер мен мәтіндер балаға білім мен тәрбие беру
          талаптарына сай болуы керек. Сол сияқты әрбір баламен
          жүргізілетін жеке-дара жұмыста сауат ашу кезеңіне қойылатын
          басты талаптарының біріне оқу материалдарының бала
          өмірімен байланысты ұсынылуы жатады. 0-сыныбындағы
          зерде даму бұзылыстары бар білім алушылармен жүргізілетін
          сауат ашу кезеңі аса күрделі. Сауат ашудың басты мақсаты –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          оқу мен жазуға дайындау; тыңдауға, айтуға, көрсетуге, сызуға,
          бастырып жазуға, әртүрлі қарапайым элементтерді жазуға
          үйрету; оқушыларға сөздің дыбыстық құрылысы жайлы түсінік
          беру, дыбысты таныту, алдымен буын, содан кейін сөз санын
          анықтауға, сөйлем мағынасын түсінуге, өз бетінше сөйлем
          құрауға үйрету, өз ойын, пікірін білдіруге, қойылған сұраққа
          жауап беруге, мұғалімнің талаптарын орындауға үйрету,
          диалогтік сөйлеу тілін дамыту.
            Жазылым.  Жазуға  үйрету  жұмыс  дәптері  мен  жазу
          дәптерлері  негізінде  жүзеге  асырылады.  Ол  үшін
          төмендегідей ережелер қолданылады:
            1. Білім алушылардың түсініктерін анықтау және нақтылау.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          Қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қимылын үйлестіру.
            2. Жазуға үйрету, партаға дұрыс отыру, қаламды, дәптерді
          дұрыс қою ережелерін сақтаудан басталады. Жазу кезінде
          жарық баланың сол жағынан түсуі керек.


          20
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27