Page 24 - 1.5
P. 24

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          жаттығулар  элементтерін  ендіру  үшін  мүмкіндіктер  жиі
          туындайды.  Оқулықтағы,  жұмыс  дәптеріндегі  суреттер
          мен  иллюстрациялық  материалар  білім  алушылардың
          қиялдауына, елестетуіне және ойлануына түрткі болады.
          Сонымен  бірге  бұл  материалдар  білім  алушыға  зейінін
          бір  мезгіл  басқаға  аударуға  мүмкіндік  береді.  Ал  жазу
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          сабағында жағдай мүлдем өзгеше болады. Бұл жерде сабақ
          материалы  оқушының  өзіне  мүлдем  жаңа  және  күрделі
          әрекеттерді меңгеруі үшін оның зейінін шоғырландыруды
          талап етеді. Жазу үдерісінде көру, сөйлеу, есту, ойлау, қол
          қимыл-қозғалысының бәрі әрекеттенетіндіктен, кішкентай
          білім  алушы  жылдам  шаршап  қалады.  Сондықтан  жазу
          сабақтарында сергіту жаттығуларының рөлі зор, сондықтан
          оларды ойын түрінде өткізу тиімді болады.
            Саусақ жаттығулары. Саусақ қимылын дамыту білім
          алушының  сөйлеу  тілін  дамытуға,  жазу  дағдыларын
          меңгеруге  көмектеседі.  Сол  себепті  «Сауат  ашу»  пәні
          бойынша оқу-әдістемлік кешен құрамындағы жұмыстарда
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          саусақ  жаттығуларына  үлкен  мән  берілген.  Саусақ
          жаттығуларын  сөзбен,  сөйлеммен,  өлеңмен  біріктіре
          орындауға  болады,  сондай-ақ  жаттығуларды  сөзбен
          қостамай-ақ  орындауға  болады.  Алайда  жеңіл  ақыл-ой
          кемістігі бар 0-сынып оқушысының сөйлеу тілін дамыту үшін
          саусақ ойындарын қимылға еліктіретін өлеңдермен жүргізу
          маңызды. Өлеңдер баланың зейінін аударады және жеңіл
          жатталады. Сөз қатарының ырғағы және оның өзгеруі балаға
          ғажайып  әсер  береді.  Осы  әдістемелік  құралда  мұғалім
          өзінің  шығармашылық  тәжірибесіне  сәйкес  түрлендіріп
          қолдана алатын саусақ жаттығуларын өткізуге арналған
          өлең, жаттығулар беріледі. Кейбір саусақ ойындары кішігірім
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          ертегілерді еске түсіреді. Мысалы, «Екі лақ», «Қоян мен
          кірпі».  Алты  қырлы  қарындашты  алақан  арасына  салып
          домалату да керемет әсер береді. Бәріміз де бала кезден
          «Қуырмаш», «Санамақ» ойындарын үйреніп өстік. Саусақ


          22
   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29