Page 23 - 1.5
P. 23
special-edu.kz.
special-edu.kz.
3. Жұмыс дәптерінде, жазу дәптерлерінде баланың
бұлшық еттерін жазуға икемдеп дайындау үшін жаттығулар,
тапсырмалар берілген, сол үлгі бойынша жұмыс жүргізіледі.
4. Жұмыс дәптерімен, жазу дәптерімен толық
таныстырылғаннан кейін, оны партаның, үстелдің үстіне
30 градус бұрыш жасайтындай жағдайда орналастыруға
special-edu.kz. special-edu.kz.
ерекше көңіл бөлу керек.
5. Жазу кезінде қалай отыру, қаламды қалай ұстау керектігі
үнемі ескертіліп тұрғаны жөн. Жазуға үйрету жұмысы сауат
ашу кезеңі аяқталғанша жалғаса береді.
6. Кеңістіктік бағдарлау мен көру арқылы қабылдауды
дамыту.
7. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
0-сыныптағы жазу жұмысына дайындық жаттығуларына
(денені дұрыс ұстау, дұрыс отыру, дәптерді дұрыс қою,
қарындашты/қаламды дұрыс ұстау) үлкен мән беріледі.
Кеңістікте бағдарлау дағдысын қалыптастыру (жазу жолы,
жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы,
special-edu.kz. special-edu.kz.
көлденең, көлбеу, тік сызықтар туралы түсінік беру)
жұмыстары жүргізіледі. Зерде даму бұзылыстары бар білім
алушылардың 0-сынып соңында қол жеткізетін болжамды
нәтижелері: қол мен саусақтардың қимылы мен қозғалысын
қалыптастыруға арналған жаттығуларды жасай білу; түзу
сызықтар бойынша қағазды қию, жапсыру, элементтерді
ретімен орналастыра білу, үлгі бойынша тақтаға бормен,
дәптерге қарындашпен әртүрлі бағытта (көлденең, қиғаш,
тік) сызықтар жүргізе білу; сызықты бір бағыттан екінші
бағытқа бұрып сыза білу, белгілеген сызықтан асырмай
сыза білу; суретті шетінен шығармай бояу, үлгі бойынша
заттардың, ойыншықтардың, нысандардың бейнелерін
special-edu.kz. special-edu.kz.
қоршап сыза білу, оларды бояу, штрихтау; сурет салу,
суретті аяқтау, түзу сызық, үзік сызықтар, ирек сызықтар,
әріп элементтерін ретпен жазуға үйрену.
Оқуға үйрету сабақтарында ойын және қызықты
21