Page 13 - 10.4
P. 13

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

             -    оқулықтың  және  жұмыс  дәптерінің  мазмұнына
           адамдардың денсаулықты сақтау және қоршаған ортаны
           қорғауға қатысты күнделікті өміріне байланысты жағдаяттық
           мысалдар мен әртүрлі проблемаларды ендіру;
             -    оқулықта  және    жұмыс  дәптерінде  әр  сабақта
           зерде  даму  бұзылыстары  бар  оқушылардың  танымдық
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
           және  практикалық  әрекеттерінің  әртүрлі  нұсқаларын
           ұйымдастыруға арналған материалдарды пайдалану.
             1-сыныпта  «Айналадағы  әлем»  пәні  бойынша
           сабақтарға аптасына 2 сағат, яғни оқу жылында 66 сағат
           бөлінген.  Мұғалім күнтізбелік жоспарды құрғанда, сынып
           оқушыларының  танымдық  мүмкіндіктерін  есепке  ала
           отырып,  ортақ  тақырыптар  мен  оларды  оқыту  уақытын
           өздігінен анықтайды.
             Орта  білім  беру  мазмұнының  жаңартылуына  сәйкес,
           жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  білім  алушыларға  арналған
           «Айналадағы әлем» пәнінің барлық мазмұны сегіз ортақ
           тақырыптар бойынша топтастырылған:
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
             1.  Өзім туралы. 2. Менің мектебім. 3. Менің отбасым және
           достарым. 4. Бізді қоршаған әлем. 5. Саяхат. 6. Салт-дәстүр.
           Мерекелер. 7. Тағам және сусын. 8. Дені саудың – жаны сау.
             Сіздердің назарларыңызға арнайы білім беру мектебінің
           1-сыныбындағы  жеңіл  ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларға
           арналған, 66 сағатқа есептелген «Айналадағы әлем» курсы
           бойынша оқу үдерісінің үлгілік жобасын ұсынамыз.








 special-edu.kz.                           special-edu.kz.









                                                                          11
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18