Page 10 - 10.4
P. 10
special-edu.kz.
special-edu.kz.
АРНАЙЫ МЕКТЕПТІҢ 1-СЫНЫБЫНДАҒЫ
ЖЕҢІЛ АҚЫЛ-ОЙ КЕМІСТІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА
АРНАЛҒАН «АЙНАЛАДАҒЫ ӘЛЕМ» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
special-edu.kz. special-edu.kz.
«Айналадағы әлем» пәні бойынша оқу үдерісін
ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдемесі жеңіл ақыл-
ой кемістігі бар оқушылардың білім алудағы ерекше
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған арнайы
педагогика қағидаларына негізделген.
1. Оқушыларды түзете-дамыту бағытында оқыту
қағидасы білім беру үдерісін сақталған атқарымдар мен
ағза жүйесін даму кемшілігі табиғатының ерекшелігіне
сәйкес пайдалануды тірек ете құруды білдіреді. Жеңіл ақыл-
ой кемістігі бар оқушыларды түзете-дамыту бағытында
оқыту қағидасы оқудың және оқыту әрекетінің арнайы
тәсілдерімен және әдістерімен қамтамасыз етіледі. Бұл
special-edu.kz. special-edu.kz.
жағдайда оқушылардың сенсорлық ақпаратты қабылдау мен
өңдеу жылдамдығының баяулығы, ойлау операциясы мен
әрекетінің жеткіліксіздігі, танымдық белсенділігінің төмендігі
мен танымдық қызығушылығының әлсіздігі, қоршағандар
туралы білім мен түсінігінің шектеулілігі, сөйлеу тілінің
кешеуілдеуі, тәртіпті еркін реттеуінің қалыптаспағандылығы,
қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің кемшіліктері есепке
алынады. Оқушылармен жұмыста олардың оқи алатындығы
мен көрнекілік-әрекеттік ойлауы тірек етіледі. Жеткіліксіз
атқарымдарды дамытуды ынталандыру бойынша
әрекеттер ұйымдастырылады. Оқушыны психологиялық-
педагогикалық қолдауды ұйымдастыруда, отбасыны осы
special-edu.kz. special-edu.kz.
үдеріске тартуда командалық тәсіл қолданылады.
2. Оқытудың әлеуметтік бейімдеу бағыттылығы
қағидасы жеке тұлғаның әлеуметтік бейімсізділігін жеңуді
немесе азайтуды білдіреді. Оқушының әлеуметтік өмірге
8