Page 6 - 10.4
P. 6

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          әртүрлі  жағдайда  бақылау  ақиқатты  тануды  байытады,
          балаларда  қызығушылықты  тудырады,  сөздік  қорларын
          байытуға  көмектеседі.  Баланы  жануарларды,  құстарды,
          табиғат құбылыстарын бақылауға үйретеді. Бала табиғатты
          әртүрлі жыл мезгілінде көреді, мұғалім оның назарын әрбір
          жыл мезгілінің негізгі белгілерін ерекшелеуге бағыттайды.
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          Сонымен, баланың қоршаған әлем туралы түсінігі айқын
          сезімдік  әсерлердің  негізінде  қалыптастырылады.  Олар
          сурет  салуға,  бояуға  үйрету  барысында  суреттермен
          жүргізілетін жүйелі жұмыс көмегімен бекітіледі. Мұғалімнің
          басшылығымен, суреттердің көмегімен балада қоршаған
          болмыс  заттары  мен  түсініктері  туралы  біршама  толық
          түсінік дамиды.
            Балаларда  қоршаған  орта  туралы  адекватты  заттық
          түсініктер жүйесін қалыптастыруға құрамында оқулық пен
          балаларға арналған жұмыс дәптері, содай-ақ мұғалімдірге
          арналған әдістемелік нұсқау кіретін «Айналадағы әлем»
          пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен көмектеседі. Аталған
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          кешеннің дидактикалық материалы Жеңіл ақыл-ой кемістігі
          бар  оқушыларға  арналған  арнайы  (түзету)  мектептің
          1-сыныбына арналған  «Айналадағы әлем» пәні бойынша
          Үлгілік  оқу  бағдарламасына  (2017)  сәйкес  таңдалып
          алынған.











 special-edu.kz.                           special-edu.kz.









          4
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11