Page 8 - 10.4
P. 8

special-edu.kz.
 special-edu.kz.

          нысандар әдеттегідей емес бейнеленгенде немесе жарық
          дұрыс түспегенде, оларды да танымайды. Қабылдаудың
          көрсетілген кемшіліктеріне байланысты бала оны қоршаған
          әлемнің  барлық  заттарын,  нысандарын  байқамайды,
          көрнекі құралдарды, суреттерді және т.б. қараған кезде көп
          нәрселерді «көрмейді».
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
            Қалыпты  дамыған  балалармен  және  зерде  даму
          бұзылыстары бар балалардың арасындағы айырмашылықтар
          нақты жеке зат туралы жан-жақты түсініктерінің қалыптасу
          деңгейінен  де  байқалады.  Мысалы,  қалыпты  дамыған
          бала затты қарай отырып, оның 3-тен 6-ға дейінгі ерекше
          белгілерін атайды, ал оның зерде дамуы бұзылған құрдасы,
          әдетте, 1-2 белгілерін ғана атайды. Сондай-ақ зерде даму
          бұзылыстары бар баланың білместігі нысанды жоспарлы
          түрде  қарай  алмауынан,  оның  бөліктерін  ерекшелей
          алмауынан және атай алмауынан,  жасалған материалдың
          қасиеттері туралы айта алмауынан көрінеді. Тектік белгілері
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          бойынша топтастырылған нақты заттарды ауызша талдап
          жинақтаған кезде  көрінеді, бірінші сыныптағы жеңіл ақыл-
          ой кемістігі бар білім алушылар сан алуан түрлі қателерді
          жібереді, ол жоқ белгілерді ерекшелеумен немесе ортақ
          белгіні  таба  алмауымен  түсіндіріледі.  Бұндай  қателер
          төменде берілгендерде жиі кездеседі:
            –  заттарды  ауызша топтастырудың мүлде болмауы
          («білмеймін», «ұмытып қалдым»);
            –  тектік атауды атқарымдық анықтамамен ауыстыру
          (ыдыс  –  «одан  тамақ  ішеді»,  киім  –  «кию»,  музыкалық
          аспаптар – «оларда ойнайды»);
            –  тектік  термин  сөзді  жөнсіз  қолдану  («көкөністер  –
 special-edu.kz.                           special-edu.kz.
          жемістер», «жиһаздар – ыдыстар» және т.б.);
            –  тектік  сөзді  суреттердің  біріндегі  көптік  түрде
          қолданылған атаумен ауыстыру (аяқкиім – «бәтеңкелер»,
          жәндіктер – «көбелектер»);

          6
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13